Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.
Әсіресе қысқа дайындық кезінде отын жарып, көмір түсіріп, үй жылытуға көмектесетін жастардың еңбегі үлкендер үшін аса маңызды.
Жастар ресурстық орталығының басшысы Тұрсынай Дүйсембаева еріктілердің мұндай игі істі жыл сайын дәстүрлі түрде атқаратынын айтады. Көмекке мұқтаж қариялар орталыққа өздері де хабарласып, өтініш білдіреді. Соңғы апталарда еріктілер бір күннің ішінде үш мекенжайға барып, отын жинап, көмір түсіруге көмектескен.
Қайырымдылық шараларына аудандық Кәмшат Дөненбаева атындағы Боровской кәсіптік-техникалық колледжінің студенттері де белсенді қатысады. Колледж басшылығының қолдауы арқасында жастар бос уақытын қоғамдық жұмыстарға арнап, мұқтаж жандардың тұрмысын жеңілдетуге үлес қосып жүр.
Еріктілердің көмегін ерекше сезінетін жандардың бірі – 96 жастағы тыл ардагері Елена Ткаченко. Жастар қарияның үйіне жыл сайын барып, қысқы дайындығына жәрдемдеседі. Биыл да көмір түсіріп, отынын кіргізіп, қолғабыс еткен.
Еріктілер бұл еңбегі үшін ақы алмайды. Олар үшін үлкендердің алғысы мен ақ батасы – ең басты марапат. Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен еріктілердің бірлескен жұмысы аудан тұрғындары арасындағы жанашырлық пен ізгіліктің жарқын үлгісіне айналып отыр.
Айтолқын ӘБДІЛДА
Суреттерді Жастар ресурстық орталығы ұсынды
№3 Денисов жалпы білім беретін мектебінің шәкірті Мағжан Асқар болашағынан зор үміт күттіретін спортшы жас.…
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Карьерный центр подвел итоги работы и обозначил задачи на следующий год. (далее…)
В предпраздничную неделю в Президентском центре УДП РК подведены итоги ежегодного республиканского литературного конкурса «Х…
Денисов ауданында медицина ұйымдарының техникалық-материалдық базасын нығайту жалғасуда. Бұл туралы аудан әкімі халықпен есептік кездесуінде…
Қамысты ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және көму жүйесі жаңартылып жатыр. (далее…)
This website uses cookies.