
Денисов аудандық мемлекеттік архив қорының 36,9 % жуығы цифрланды
Денисов мемлекеттік архивіндегі цифрландыру үрдісі 2018 жылы басталды.
Сол уақыттан бері 12500 -ден астам архив ісі, оның ішінде жеке, басқарушылық іс қағаздары цифрландырылды.
Бұл жаңашылдық азаматтардың өтініштерін өңдеу уақытын қысқартып, құнды құжаттардың қауіпсіз сақталуын қамтамасыз етті.
– Цифрландыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады: алдымен құжаттар іріктеледі және дайындалады (тазаланады, жай-күйі тексеріледі), парақтары шаңнан тазартылады, майысқан, бүктелген жерлері түзетіледі, сканерлеу үшін құжаттар пакеті жинақталады, содан кейін олар барлық архив талаптарын сақтай отырып сканерленеді және электронды деректер базасына енгізіледі. Осыдан кейін құжаттар қағаз түрінде де, цифрлық түрде де сақталады,-деп түсіндірді «Денисов аудандық мемлекеттік архиві» филиалының басшысы Мәдина Берденова.

Қазіргі таңда аудандық мемлекеттік архивте 33 912 бірлік архив құжатын құрайтын 151 жинақ бар. Оның шамамен 36,9 % жуығы цифрландырылды. Аудандық архив заманауи компьютерлік техникамен және құжаттарды цифрлық форматқа көшіру мен электронды форматқа ауыстыруға арналған планшетті сканермен жабдықталыпты. Туған өлкенің өткеніне үңіліп, тарихын зерделеймін деген ынталы азаматтардың бәріне аудандық архивтің есігі айқара ашық екенін еске саламыз.
Денисов аудандық архивінің қорында небір құнды құжаттар шоғырланған. Соның бірін Мәдина Қайратқызы айтып берді.

-Архив бірнеше бағытта жұмыс істейді: сақтау, есепке алу, цифрландыру, архив анықтамаларын беру, кеңес беру, сонымен қатар жеке құжаттарды қабылдау. Құжаттар құнына қарай 5 жылдан мерзімсіз уақытқа дейін сақталады. Кейбір материалдар Ұлттық архив қорына енгізілген және тұрақты сақтауға қажет етеді. Біздің қордағы сақталған ең көне құжат 1885 жылдан басталады — бұл қазіргі Денисов ауданының аумағында орналасқан шіркеулер мен приходтардың тізілімдерінің жинағы. Бұл қор коллекциясының құнды бөлігі болып саналады,-деді ол.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттер Денисов аудандық мемлекеттік архив мекемесінен алынды.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31