
Жанкелдин ауданының өнерпаздары республикалық байқауда жүлдегер атанды
Ел мерейін көтердіМендіқара ауданында өткен сатирик-жазушы, этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» республикалық әзіл-сықақ театрларының байқауында жерлестеріміз бас жүлдені жеңіп алды.
Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйі жанынан құрылған «Мірдің оғы» әзіл-сықақ отауы бұған дейінде топ жарып, талай мәрте жүлдегер болды. Ұжымның шығармашылық ізденісі мен еңбектерінің арқасында келген жеңіс.
Бұл байқау осымен бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Сегіз театр ұжымы өзара бақ сынап, көрермендерід күлкіге қарық қылды.
Өнер додасына мәдениет саласының өкілдері арнайы келіп, қазылық жасады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылбек Боранбаев, жазушы-сатирик, ҚР мәдениет қайраткері Нұрлыбек Жұбатқан, «Серпер» Жастар сыйлығының лауреаты Бауыржан Орда театр ұжымдарының еңбегін әділ бағалады. Айтулы әзіл кешке атақты сатирик Көпен Әмірбектің жұбайы Әйгерім мен ұлы Жұбаныш құрметті қонағы болды.
Белгілі ұстаз-ғалым, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, «Жеті қазына» этнопедагогикалық бағдарламасының авторы Зәмзагүл Сейітқызы қатысушыларға жылы лебізін білдірді.
Жеңімпаз атаған «Мірдің оғы» әзіл – сықақ театрының ұжымы 1 млн теңгелік сертификатпен марапатталды.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31