
Науырзымдық Ерасыл Қоқаев республикалық олимпиада 3 орын иеленді
Білім бәйгесіндегі жарқын жетістігі
8–12 желтоқсан күндері Астана қаласында тарих пәні бойынша Ауыл мектептерінің республикалық кезеңі өтті. Аталған білім додасында Науырзым ауданы Жамбыл ЖББ мектебіміздің 11-сынып оқушысы Қоқаев Ерасыл өз білімін жоғары деңгейде дәлелдеп, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Республикалық деңгейдегі бұл байқау – оқушылардың пәндік білімін саралап қана қоймай, олардың ойлау қабілеті мен тарихи танымын шыңдайтын маңызды сайыс. Осындай тартысты додада топ жарып, жүлдегер атану – үлкен еңбектің нәтижесі.
Жас жеткіншектің бұл жетістігінде жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі Отегенова Динара Серікқызының еңбегі зор.

—«Ерасыл – ізденімпаз, жауапкершілігі жоғары, тарих пәніне ерекше қызығушылық танытатын оқушы. Дайындық барысында ол өзін табанды, мақсатшыл қырынан көрсете білді. Бұл жеңіс – оның еңбегінің нәтижесі. Ерасыл — тарих пәніне ерекше қызығушылығы бар, ізденімпаз әрі жауапкершілігі жоғары оқушы. Ол дайындық барысында берілген тапсырмаларды тиянақты орындап, өз ойын дәлелді жеткізе білетінін көрсетті. Республикалық деңгейде жүлделі орын иеленуі — оның еңбегінің айқын нәтижесі. Алдағы уақытта да білім жолында биік белестерді бағындырады деп сенемін. Бұл жеңіс біздің еңбегіміздің ақталған бақытты сәті», – дейді жетекшісі Отегенова Динара Серікқызы.

Ерасыл Қоқаевтың жетістігі – ауданымыз үшін, мектеп ұжымы үшін үлкен мақтаныш. Жас талапкерге алдағы оқу жолында толағай табыстар тілейміз.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны ұсынған Жамбыл ЖББМ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31