Балалар өнер мектебінде осындай атаумен концерт өтті

 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қарасу ауданындағы балалар өнер мектебінде “Жаса Қазақстан!”атты мерекелік іс-шара өтті.

Атауының өзі айтып тұрғандай, егемен еліміздің өткен тарихы мен бағындарған белесі жас ұрпақ арасында дәріптелді.

Мерекелік іс-шара аясында вокалдық, хореографиялық және аспаптық нөмірлерден тұратын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Қатысушылар Қазақстанның рухани құндылықтарын, дәстүрлері мен мәдениетін бейнелейтін патриоттық әндер, ұлттық билер мен музыкалық шығармаларды орындады.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі, Мемлекет рәміздері, халық бірлігі және ұрпақтар сабақтастығы тақырыбына ерекше назар аударылды. Балалардың қойылымдары шынайылығымен және жоғары дайындық деңгейімен ерекшеленді.

Іс-шара жылы және салтанатты атмосферада өтті. Қатысушылардың, мұғалімдер мен ата-аналардың бірігуіне ықпал етті.

-Іс-шараның мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің бойына патриоттық сезім ұялату, Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетін құрметтеуді қалыптастыру. Жас ұрпақтың арасында Отанға деген сүйіспеншілікті, азаматтық жауапкершілікті арттыру болды. Концерттік бағдарламада ұсынылған әр қойылым көрерменге терең ой салды деген үміттеміз, – деді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әсел Жамбылова.

Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті кеш ұйымдастырушылары ұсынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 13