Науырзым ауданының бас шыршасы жағылды

 Аудан орталығында Жаңа жыл мерекесіне орай бас шыршаны жағу рәсімі салтанатты түрде өтті. Мерекелік шараға аудан әкімі Мәди Ихтиляпов қатысып, тұрғындарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

Салтанатты кеш барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, өнерпаздар ән мен биден шашу шашты. Ертегі кейіпкерлері көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, балалар Аяз ата мен Ақшақармен бірге шыршаны айналды.

Шыршаның шамы жағылған сәтте мерекеге жиналған жұртшылық Жаңа жылдың жақындағанын сезініп, бір-біріне ақжарма тілектерін арнады. Аталған шара аудан тұрғындарына шаттық сыйлап, Жаңа жыл мерекесінің шырайын аша түсті. Шара соңында аудан тұрғындарына керемет от шашу атылды.

«Бүгінгі бас шыршаның жағылу рәсімі өте жоғары деңгейде өтті. Осындай мерекелік шаралар тұрғындардың басын қосып, әсіресе балаларға ерекше қуаныш сыйлайды. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз. Жаңа жыл баршамызға құт-берекелі болсын», – дейді аудан тұрғыны Александра Игнат.

Жібек Мырзағали
Фотоны түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 10