Жангелдин ауданында жергілікті маңызы бар жолдарды күтіп-ұстауға мердігерлер дайын

 Жангелдин ауданында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жазғы және қысқы күтіп-ұстауға арналған тендерлер 2025 жылғы желтоқсан айында өтті.

Бөлінген қаражат 2025 жылдың желтоқсанынан 2026 жылдың желтоқсанына дейінгі кезеңге есептелген.

Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі төрт лотты конкурсқа шығарды. Нәтижесінде екі мердігер ұйым – «НҰРЖАН» жеке кәсіпкерлігі мен «Лидер Строй 2002» ЖШС жеңімпаз атанды.

Алғашқы тендер «Торғай – Шеген – Ақшығанақ» автожолының 71,1 шақырымын, Шеген ауылына 2,6 км, Түйемойнақ ауылына 4 км, Қарғалы ауылына 6 км кіреберіс жолдарды күтіп-ұстауға қатысты болды. Бұл лот бойынша бөлінген қаражат – 14 043 766 теңге. Жеңімпаз -«НҰРЖАН» ЖК.
Екінші тендер «Тоқанай – Саға – Бидайық» жолының 88 шақырымын, Тентексай ауылына 5 км және Сарысу ауылына 1 км кіреберіс жолдарды қамтиды. Бөлінген сома – 13 743 584 теңге. Мердігер – «Лидер Строй 2002» ЖШС.

Үшінші лот «Шұбалаң-Қарасу -Көкалат-Қолқамыс» жолының 59,32 шақырымын және Аралбай ауылына 1 км кіреберіс жолды күтіп-ұстауға бағытталған. Бұл бағытқа 13 096 838 теңге бөлінді. Аталған лот бойынша да «НҰРЖАН» ЖК жеңімпаз деп танылды.

Соңғы, төртінші лот «Шұбалаң -Қарасу» автожолының 107,6 шақырымын, Шұбалаң ауылына 0,31 км, Қалам-Қарасу ауылына 0,7 км, Сужарған ауылына 1 км кіреберіс жолдарды қамтиды. Бөлінген қаржы көлемі – 13 605 043 теңге. Жеңімпаз -«Лидер Строй 2002» ЖШС.

Тендерлік құжаттамаға сәйкес, барлық мердігерлерге қойылатын талаптар бірдей. Қыс мезгілінде олар жолдарды плугты қар тазалағышпен тазалап, республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды патрульдеуге міндетті. Сонымен қатар жол белгілерін сыртқы және ішкі жағынан түзетіп, аудандық маңызы бар жолдардағы су өткізу құбырларын қар мен мұздан тазалауы қажет.

Жазғы кезеңде мердігер ұйымдар топырақты жолдарды грейдерлеуге, жол жиегі мен еңістердегі шөптерді роторлы шөп шабатын техникамен оруға тиіс.

Тендер шарттарында мердігерлердің жолдарды күн сайын тексеріп, патрульдеу жүргізуі міндеттелген. Қыс мезгілінде күн сайын тапсырыс берушіге жолдардың жағдайы мен қатынастың ашықтығы туралы ақпарат ұсынуы қажет. Барлық жұмыстар қозғалысты жаппай, қауіпсіздік талаптарын толық сақтай отырып орындалуы тиіс, себебі барлық жауапкершілік мердігерлерге жүктеледі.

Автомобиль жолдарын күтіп-ұстау барысында ұйымдар Қазақстан Республикасында қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарды басшылыққа алуы керек. Мердігерлердің басты міндеті өздеріне бекітілген жол учаскелерінде қозғалыстың үздіксіз қамтамасыз етілуі.

Арнайы шарттарда мердігер ұйымдардың ауа райының қолайсыз жағдайларына және жолдағы түрлі төтенше ахуалдарға жедел әрекет етуі қажеттігі де көрсетілген. Олар барлық жол жұмыстарына қажетті техника сақтайтын өндірістік базалармен, жабдықтармен және білікті мамандармен қамтамасыз етілуі тиіс.

Қазіргі таңда аса өзекті мәселе қарлы боран мен қар үйінділері кезінде мердігер ұйымдар тапсырыс берушінің тапсырмасына бір сағат ішінде жауап беріп, жолдарды тазалау жұмыстарына дереу кірісуге міндетті.

Анара ИБРАЕВА,
суретті Жангелдин ауданы әкімдігі ұсынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 5