
Тартысты ойын Студенттер арасында шағын футболдан ашық біріншілік өтті
Торғай ауылында 2026 жылғы 8-9 қаңтарда студенттердің демалысын тиімді пайдалану мақсатында шағын футболдан аудандық ашық біріншілік ұйымдастырылды.
Жарыс «Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде» өткізілді және оны ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды.
Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және студенттердің спортқа қызығушылығын арттыру. Екі күнге созылған жарыс тартысты әрі қызықты өтті.

Жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынды аудандық өрт сөндіру бөлімі иеленді. Екінші орын Жаркөл ауылдық округінің командасына бұйырса, үшінші орынды Алтынсарин жалпы білім беретін мектебінің түлектері алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мадақтама, кубок және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бағдат Ертасов студенттердің спортқа деген ынтасын жоғары бағалап, оларды алдағы жарыстарға белсенді қатысуға шақырды.

Алдағы апталарда студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында баскетбол, волейбол және үстел тенисінен жарыстар өткізіледі. Бұл шаралар жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, олардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
Аудан әкімдігі мен спорт бөлімі тұрғындарды және студенттерді спорттық шараларға қатысып, белсенді өмір салтын ұстануға шақырады.
Шұғыла ЖАҚСЫЛЫҚ
суреттерді аудандық спорт бөлімі ұсынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31