Қарасу ауданында қандай мамандықтар сұранысқа ие?

21-қаңтар күні Қарасу ауданының орталығында кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы мүгедектігі бар азаматтарға басымдық беріліп, қолайлы жұмыс орындары ұсынылды.

Аудандық Мансап орталығы жұмыс іздеушілер үшін арнайы іс-шараны өткізуге бастамашы болды. Жұмыс берушілерді қолда бар бос жұмыс орындарын ұсынуға, ал әлеуетті қызметкерлерді лайықты жұмыс іздеуге ынталандыру мақсатында өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері, жұмыссыздар, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар шақырылды.

-Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің ең негізгі көздеген міндеті – жұмыс берушілер мен іздеушілер арасында белсенді және шынайы диалог қалыптастыру екенін түсінген жөн. Жеке әңгімелесу форматындағы кездесуде маңызды жағдайлар талқыланып, тараптар оң нәтижеге келеді. Сондықтан біз қос тараптың сұранысын ескеруге тырысамыз,-деді мекеме басшысы әрі аталған іс-шараның ұйымдастырушысы Людмила Руденко.

Жұмыс берушілер арасында – ауыл шаруашылығы, коммерциялық және техникалық ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер кезікті. Соның ішінде прокуратура органы, аудандық әкімдік бөлімдері және басқа да жекелеген ұйымдар. Шамамен 11 ұйым қатысқанын аңғардық.  Мәселен, ЖШС, ТКШ бөлімінде, сәулет бөлімінде, ветеринария, Қарасу ауылының әкімдігінде, білім бөлімінде, пансионатта, «Торговый дом» ЖШС-да,  «Гарант», “ASTANA GRAND TRADE” ЖШС және Қарасу аудандық электр станциясында бос лауазымдық орындардың бары белгілі болды. Сонымен қатар, мал дәрігері, агроном, мал шаруашылығы мамандары, механик, механизатор, көлік жүргізуші, дәнекерлеуші, электрик, медицина мамандары, педагогтар, банк қызметкерлері, экономист сияқты мамандықтар әлі күнге өзекті. Жергілікті сауда нүктелері мен қоғамдық тамақтану орындары кәсіби жұмысшыларды іздейді. Сатушы, аспаз, даяршы, бармен, ас үй жұмысшысы және фармацевттер артықтық етпейді. Өз ісіне тиянақты, жауапкершілігі зор адамға өңіріміздің жұмыс берушілері жоғары жалақы тағайындап, толық әлеуметтік пакетпен қамтып, тамаша еңбек жағдайын ұсынуға дайын.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттер аудандық Мансап орталығынан алынды.

 

 

 

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 2