Торғай: ауыл тұрғындарын не алаңдатады?

 Жанкелдин ауданының әкімі Дінмұхамед Бидашевтің төрағалығымен Торғай ауылында халыққа есеп беру жиыны өтті.

Кездесу барысында аудан тұрғындары ауылдың дамуы, коммуналдық шаруашылығы және жол құрылысы жайында өз сұрақтары мен ұсыныстарын ортаға салды.

Ауыл тұрғындары әсіресе Орталық-Батыс автомобиль жолының құрылысы жөнін-де қызығушылық танытты. Жанкелдин ауданы әкімдігінің хабарлауынша, жол құрылысы қолайлы құрылыс мерзімінде, шамамен 2026 жылдың мамыр–маусым айларында бастал-мақ. Бұл жолдың ашылуы ауыл мен ауданның инфрақұрылымын жақсартып, экономика-лық дамуына үлес қосады деп күтілуде.

Сонымен қатар, тұрғындар коммуналдық шаруашылық кәсіпорнының техникалық-материалдық базасын нығайту қажеттігін айтты. Атап айтқанда, қосымша водовоз, экска-ватор және техникалық қызмет көрсететін арнайы көмекші техника қажет екені атап өтіл-ді. Аталған техникаларды сатып алу үшін Энергетика басқармасына бюджеттік өтінім 2025 жылдың қараша айында берілген.

Кездесу барысында тұрғындардың пікірлері тыңдалып, ұсыныстары жазылып алынды. Ауыл әкімдігі алдағы уақытта аталған мәселелерді шешу үшін нақты жоспарлар жасап, тұрғындарды кезекті есеп беру жиынында жаңартулармен таныстырады.

Шұғыла ЖАҚСЫЛЫҚ
Суреттерді аудан әкімдігі ұсынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 11