Науырзымдықтар көрісу күнін тойлады

 Көрісу күні – татулық пен дәстүр мерекесі.

14 наурыз – Көрісу күні (Амал мерекесі) – қазақ халқының ежелден келе жатқан, қыстан аман шыққанды тойлайтын, бір-бірімен қауышып, ақ тілек айтатын ерекше мейрамы. Бұл күні адамдар төс қағыстырып көріседі, өкпе-ренішті ұмытып, жасы үлкендерге сәлем береді және жаңа жылды берекелі бастауды дәстүр етеді.

Жамбыл жалпы білім беретін мектебінде наурыз айының алғашқы күні қазақ халқының ежелден келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі – Көрісу күні аталып өтті. Мектеп ұжымы мен оқушылар бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық сұрасып, ұлттық салт-дәстүрдің маңызын дәріптеді. Іс-шара барысында оқушылар ұлттық киім киіп, жылы лебіздерін білдіріп, дәстүр туралы тағылымды мәліметтермен бөлісті.

Бұл күні үлкендерге құрмет көрсетіліп, жас ұрпаққа халқымыздың бірлік пен татулыққа үндейтін салттары кеңінен насихатталды.

– Көрісу күні – халқымыздың бауырмалдық пен сыйластықты дәріптейтін ерекше дәстүрі. Осындай шаралар арқылы оқушылар ұлттық құндылықтарды тереңірек түсініп, салт-дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиеленеді,- деді Кәмшат Кенжебаева

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны ұсынған Жамбыл ЖББМ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 5