Сарыкөл ауданында Көрісу күні – Амал мерекесі аталып өтті

 Осындай игі шаралар халықтың бірлігін нығайтады.

Көрісу күні – Амал мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінің ұжымы аудан мекемелерін аралап, әріптестермен жүздесті.

Шара барысында мәдениет үйінің қызметкерлері әріптестеріне жылы лебіздерін білдіріп, жаңа жылда амандық, молшылық пен табыс тіледі. Дәстүрге сай қол алысып көрісу арқылы олар ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттап, татулық пен сыйластықтың маңызын көрсетті.

Аудандық мәдениет үйінің директоры жиналғандарды Амал мерекесімен құттықтап, бұл күннің халқымыз үшін ерекше мәні бар екенін атап өтті.

—Баршаңызды Көрісу күні – Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн – адамдардың бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасатын, татулық пен сыйластықты дәріптейтін ерекше мейрам. Осындай игі дәстүрлеріміз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, халқымыздың бірлігі мен берекесін арттыра берсін. Әр шаңыраққа амандық, молшылық пен құт-береке тілеймін, – деді Абай Сейдахметов.

Ұжым мүшелері бір-біріне ізгі тілектерін арнап, береке-бірлік пен достықты дәріптеді. Осындай игі шаралар халықтың бірлігін нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосады.

Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді түсірген автор
Сарыкөл ауданы


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1