Қарамендідегі «Бірлік» этно-алаңда референдум күні мәдени шара өтті

 Аудан тұрғындары өз таңдауларын жасауда.

Аудан орталығындағы — №653 референдум учаскесінің жанында орналасқан «Бірлік киіз үйі» этно-алаңында ауыл тұрғындары үшін мәдени іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған шара референдум күні ауыл тұрғындарының белсенділігін арттырып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталды. Этно-алаңда тігілген киіз үй маңында ауыл өнерпаздары ән айтып, жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Тұрғындар мәдени бағдарламаны тамашалай отырып, бір-бірімен жүздесіп, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға белсене қатысып, өз таңдауларын жасау үшін келді.


-«Бүгін біз референдумға келіп, өз таңдауымызды жасадық. Бұл – еліміздің болашағына қатысты маңызды қадам. Осындай күні этно-алаңда ұйымдастырылған мәдени шара ауыл тұрғындарының басын қосып, бірлік пен татулықты одан әрі нығайта түсті. Біз қазақ өзі қонақ-жай халықпыз ғой. Этно-алаңда құрылған киіз үйде қонақжайлық танытып, ауыл халқына ыстық шай мен бауырсақ ұсынып, құрмет көрсетіп жатыр.», – деп бөлісті ауыл тұрғыны Жумакул Исмагулова.

 

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 18