Наурыздағы бәйгеде Өлеңді ауылы топ жарды

Наурыз мейрамы аясында ауданымызда ұлттық спорттың көркі саналатын ат жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Дүбірлі додаға ауданның әр ауылынан келген жүйріктер қатысып, өзара бақ сынады.

Тай, құнан және топ бәйге бойынша өткен жарыста Өлеңді ауылынан келген атбегілер мен шабандоздар ерекше шеберлік танытып, қарсыластарынан оқ бойы оза шауып, үш бірдей бәйгенің жүлдесін қанжығаларына байлады. Бұл – өлеңділік жүйріктердің бабында екенін және шабандоздардың тыңғылықты дайындығын айқын көрсетті.

Жарыс барысында ұлттық дәстүр мен салт-сананың көрінісі айқын сезіліп, көрермендер жүйріктерге қолдау білдіріп, нағыз мерекелік көңіл күй орнады. Ат жарысы ауыл тұрғындары мен қонақтарға ерекше серпіліс сыйлап, Наурыз мейрамының мән-маңызын арттыра түсті, дейді жарыстың төрешісі Жеңіс Сейілов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ұлттық спорт түрлерін дамыту – жас ұрпақты салт-дәстүрге баулып, салауатты өмір салтын насихаттаудың бір жолы. Ал жарысқа қатысушылар өз кезегінде әділ дода үшін алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да осындай жарыстар жиі ұйымдастырылса деген тілектерін жеткізді.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 4