Қызғалдақтар мекені – Науырзым табиғаты

 Қызыл кітапқа енген қызғалдақтар – Науырзым табиғатының жауһары.

Науырзым өлкесінің табиғатында жайқалып өсіп жатқан Қызыл кітапқа енген қызғалдақтар – бұл өңірдің ерекше табиғи байлығы мен көркем келбетінің айқын көрінісі. Әсіресе Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы аумағында сирек кездесетін қызғалдақ түрлері көктем мезгілінде дала төсін қызылды-жасылды бояуға бөлейді.

Бұл гүлдер – тек әсемдік символы ғана емес, сонымен қатар табиғи тепе-теңдіктің маңызды бөлігі. Олардың арасында Шренк қызғалдағы, Грейг қызғалдағы секілді сирек түрлер бар. Бұл өсімдіктер Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және оларды жұлуға немесе зақымдауға қатаң тыйым салынған.

Көктем келгенде Науырзым даласы қызғалдақтармен көмкеріліп, табиғаттың ерекше көрінісін сыйлайды. Сондықтан мұндай табиғи мұраны сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 3