Жангелдин ауданында Жеңіс күніне орай

 «Ерлік даңқы өшпейді» атты тағзым рәсімі өтті.

2026 жылғы 9 мамыр күні Жангелдин ауданында Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған «Ерлік даңқы өшпейді» атты гүл шоғын қою рәсімі өтті. Тағылымды шара аудан орталығындағы Мәңгілік алау жанында ұйымдастырылды.

Іс-шараға аудан әкімі Дінмұханбет Бидашев, ардагерлер кеңесінің мүшелері, тыл ардагерлері, ауған соғысының ардагерлері, Чернобыль апатының ардагерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мекеме басшылары мен аудан тұрғындары қатысты.

Салтанатты жиында Жеңіс күнінің тарихи маңызы айтылып, Отан үшін жанын қиған боздақтардың рухына тағзым жасалды. Қатысушылар бір минут үнсіздік жариялап, майдангерлерді еске алды.

Шара барысында Оспан Қожа әулие мешітінің бас имамы Әбдісалықов Айдос Серікұлы Құран бағыштап, ел тыныштығы мен бейбіт өмір үшін дұға жасады.

Одан кейін Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Аудан әкімі мен қоғам өкілдері Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Жиында аудан әкімі Бидашев Дінмұханбет сөз сөйлеп, ардагерлерге құрмет көрсетудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тойғанбол Нұрханов кейінгі ұрпақты елін сүюге, бейбіт өмірдің қадірін білуге шақырды.

Сымбат КЕНЖЕҒАЛИ
Суреттерді түсірген – автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 5