Сарыкөл ауданында халықпен есеп беру кездесулері өтіп жатыр

Тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға баса мән берілмек

Сарыкөл ауданында аудан әкімі Марат Шымырбековтің халықпен есеп беру кездесулері өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы міндеттері талқылануда. Бүгін Урожайное, Тимирязев, Златоуст ауылдық округтері мен Маяк ауылында жалғаспақ.

Кездесу барысында аудан басшысы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, инфрақұрылымды дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және ауылдық елді мекендерді кешенді дамыту негізгі басымдықтар болып қала беретінін атап өтті.

– Біз әрбір елді мекеннің дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға баса мән беріп келеміз. Мемлекеттік бағдарламалар мен инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыру арқылы аудан экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасады, – деді Марат Шымырбеков.

2026 жылы аудан бюджеті 3,9 млрд теңгені құрайды. Алғашқы төрт айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі, сауда және кәсіпкерлік салаларында оң өсім байқалады. Ауыл шаруашылығы саласында 570 шаруашылық жұмыс істеп, көктемгі егіс науқанына «Кең Дала-2» бағдарламасы арқылы 8,8 млрд теңгеден астам қаржы тартылды.

Биыл жалпы құны 9,8 млрд теңге болатын тоғыз инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Олардың қатарында құрамажем зауыты, сүт-тауар фермасы, ұн тарту зауыты және астық сақтау нысандары бар.

Сонымен қатар тұрғын үй құрылысы, сумен жабдықтау, жол жөндеу, көшелерді жарықтандыру, байланыс сапасын жақсарту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Аудан бойынша абаттандыру мен экологиялық жағдайды жақсартуға ерекше көңіл бөлінуде. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбіліктер өткізіліп, қоғамдық орындар тазартылып, ағаш көшеттері отырғызылуда.

Кездесу қорытындысында аудан әкімі тұрғындарға белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтып, ауданның одан әрі дамуы билік пен халықтың бірлескен еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.

Руслан ӘЛКЕЕВ, суреттерді түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 4