Науырзымдық қос оқушы ауыл жастарына арналған «IQanat» грантының иегері атанды

 Ауданымыздағы екі білім ордасы – Жамбыл жалпы білім беретін мектебі мен Докучаев жалпы білім беретін мектебінің оқушылары Жасмин Көбегенова мен Адлет Иманғалиев өз қатарластарынан озық шығып, білім деңгейлерін дәлелдеп, «IQanat» грантының иегері атанды.

«IQanat» — ауыл мектептері оқушыларына арналған білім беру жобасы. Ол дарынды балаларға сапалы білім алуға және гранттық мүмкіндіктерге жол ашады. Жоба арқылы оқушылар арнайы мектептерде білім алып, кейін Қазақстан мен шетел университеттеріне дайындала алады.

Грант иегерлерінің айтуынша, бұл жетістік — табанды дайындық пен еңбектің нәтижесі.

«Бұл грантты жеңіп алғаныма өте қуаныштымын. Байқауға тыңғылықты дайындалып, өз білімімді көрсетуге тырыстым. Бұл мен үшін үлкен мүмкіндік әрі болашаққа жасалған маңызды қадам», — дейді грант иегері Адлет Иманғалиев.

— «IQanat жобасы біз сияқты ауыл балаларына үлкен қолдау көрсетеді. Осындай мүмкіндікке ие болғаныма қуаныштымын. Алдағы уақытта жақсы нәтижелер көрсетіп, сенімді ақтауға тырысамын», — деп әсерімен бөлісті Жасмин Көбегенова.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Суретті ұсынған мектеп әкімшілігі


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 4