Бір шаңырақ — бір таңдау: Жантемировтар отбасы сайлауда азаматтық белсенділік танытты

 Бүгін Сарыкөл ауданындағы көпбалалы Жантемировтар отбасы бір шаңырақ астындағы берекелі бірлігін ғана емес, ел өміріне деген азаматтық жауапкершілігін де көрсетті.

Жантемировтар отбасының барлық мүшесі отбасымен бірге Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысып, өздерінің азаматтық белсенділігін танытты.

Отбасы мүшелерінің сайлау учаскесіне бірге келуі — кейінгі ұрпаққа берер тәрбиесі мол тағылымды қадам. Өйткені азаматтық жауапкершілік, ел тағдырына бейжай қарамау және қоғамдық өмірге белсенді араласу сияқты құндылықтар ең алдымен отбасында қалыптасады.

Көпбалалы отбасы үшін бұл күн — тек дауыс беру ғана емес, ел болашағына қатысты ортақ ұстанымын білдіретін маңызды сәт. Ата-ана өз әрекеті арқылы балаларына ел азаматы болудың мәнін көрсетіп, Отан алдындағы жауапкершіліктің нақты үлгісін танытады.

Жантемировтар отбасының бұл қадамы — отбасылық құндылық пен азаматтық белсенділіктің өзара сабақтастығын айқын көрсетеді. Бірлігі жарасқан отбасы ел өміріндегі маңызды қоғамдық бастамаларға да бірге атсалысып, өз таңдауын жасау арқылы мемлекет болашағына үлес қосуға ұмтылады.

Елдің ертеңі — бүгінгі азаматтардың белсенді ұстанымынан басталады. Ал мұндай жауапкершіліктің берік негізі — тәрбиелі де тату отбасында қалыптасатыны сөзсіз.

Руслан Әлкеев
Суреттерді түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1