Қамысты ауданында жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр

Қамысты ауданында 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауданның қысқы кезеңге қажетті көмір көлемі 12 мың тоннаға есептелген.

Қазіргі уақытта оның 9 мың тоннасы жеткізілді. Бұл қажеттіліктің 75 пайызы.

Аудан әкімінің айтуынша, қалған көмір көлемін жеткізу және нысандарды жылыту маусымына дайындау жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс.

«Жылыту маусымына дайындықты уақытында аяқтау – басты міндеттердің бірі. Әлеуметтік нысандардың тұрақты жұмыс істеуі үшін қажетті көмір қорын алдын ала қалыптастыруымыз қажет. Қазіргі таңда көмірдің 75 пайызы жеткізілді. Қалған көлемді белгіленген мерзімде жеткізіп, барлық нысанды қысқа толық дайындауды қамтамасыз етеміз», – деді Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, жылыту маусымына дайындық барысы бақылауда. Көмір жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр.

Шұға ҚОҢҚАБАй,
Сурет аудан әкімідігінен алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 3