Қамыстыда 900 млн теңгеге үш инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қамысты ауданында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағытында биыл үш инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Жобалардың жалпы инвестициялық көлемі 900 миллион теңгені құрап, нәтижесінде 21 жаңа жұмыс орны ашылады.

Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаевтың айтуынша, жобалардың бірі толық жүзеге асырылып, өндірістік нысан пайдалануға берілген.

«Аудан экономикасын дамытуда инвестиция тарту мен жаңа өндірістер ашуға ерекше мән беріп отырмыз. Биыл агроөнеркәсіптік кешенде жалпы құны 900 миллион теңге болатын үш жобаны іске асырудамыз. Бұл жобалар жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу көлемін арттыруға мүмкіндік береді», – деді аудан әкімі Ерлан Жаулыбаев.

2026 жылдың ақпан айында Пушкин ауылындағы «Алтын масақ» ЖШС жылдық қуаты 16 мың тонна болатын астық қоймалары кешенін пайдалануға берді. Жобаның құны – 90 миллион теңге.

Қазіргі уақытта «Қайрат» ПКФ ЖШС мал шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге бағытталған екі жылдық екі жобаны жүзеге асырып жатыр.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті түсірген – Бердіболат Көркембаев


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1