Жангелдинде қаржылық алаяқтықтың бір дерегі тіркелді

 Жангелдин ауданында жыл басынан бері қаржылық алаяқтық бойынша бір қылмыстық іс тіркелген.

Мамандар тұрғындарды телефон арқылы хабарласатын алаяқтардан сақ болуға шақырады.

Қаржыгер, «Еуразиялық банк» АҚ Қостанай филиалының директоры Қырмызы Жаңбыршинаның айтуынша, банк қызметкерлері телефон арқылы клиенттерден қауіпсіздік кодтарын немесе жеке мәліметтерін сұрамайды.

«Мұндай қоңырау түскен жағдайда асықпай, сабыр сақтап, қоңырау шалушының аты-жөнін және қай бөлімшеден хабарласып тұрғанын нақтылаған жөн. Қажет болса, ақпаратты банктің ресми арналары арқылы тексеруге болады», – дейді Қырмызы Жаңбыршина.

Маманның сөзінше, алаяқтар көбіне азаматтарды эмоцияға беріп, асығыс шешім қабылдауға итермелейді. «Шотыңыз бұғатталды», «туысыңыз қиын жағдайға түсті» немесе «инвестиция арқылы тез табыс табасыз» деген хабарламалар – соның бір мысалы.

Тұрғындарға бейтаныс адамдарға банк картасының деректерін, SMS-кодтарды бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және қаржылық қызмет ұсынатын ұйымның лицензиясы мен ресми деректерін алдын ала тексеру ұсынылады.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1