Қамыстыда 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

 Қамысты ауданында экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Ауданның инвестициялық әлеуетін арттыру мақсатында бірқатар жобаларды іске асыру жоспарланған.

Осы жылы ауданда жалпы құны 900 млн теңгені құрайтын 3 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. Нәтижесінде 21 жаңа тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл бастамалар жергілікті экономиканың дамуына серпін беріп, халықтың жұмыспен қамтылуына оң ықпал етеді.

Жоспарланған жобалардың бірі – Қамысты ауылында тұқым өндіру желісі мен диірмен кешенін салу. Жобаның инвесторы – «Қайрат» ӨКФ» ЖШС. Жобаның жалпы құны 300 млн теңгені құрайды. Жобаны іске асыру аясында 10 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.

Жаңа өндірістік кешеннің негізгі қызметі ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын өңдеуге және дайындауға, сондай-ақ астықты диірменде тартуға бағытталады. Тұқым өндіру желісі тұқымдық материалды тиісті өңдеу кезеңдерінен өткізіп, оны егіс науқанына дайындауға мүмкіндік береді. Ал диірмен кешені астықты ұнтақтап, ұн өндіру бағытын дамытуға жағдай жасайды.

«Аталған жобаның іске асырылуы ауданның ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өндірістік инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға және ауылдық аумақтардың экономикалық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді», – дейді Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев.

Жалпы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру – Қамысты ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бағыттарының бірі. Жаңа өндіріс орындарының ашылуы жергілікті кәсіпкерлікті қолдауға, ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін арттыруға және аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға негіз болады.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Сурет аудан әкімдігінен алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 2