Қамысты ауданында көше жарығымен қамту деңгейі 98,4 пайызға жетті
2026 жылы Қамысты ауданында елді мекендердің көше жарықтандыру жүйесін жақсарту бағытында бірқатар жұмыс атқарылды.
Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 12 миллион теңге бөлінді. Бөлінген қаржы есебінен ауданның төрт ауылдық елді мекенінде жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 100 жаңа шам мен 47 жарық бағанасы орнатылды. Сонымен қатар жалпы ұзындығы 4,5 шақырымды құрайтын бес көшеге жарық тартылды.
Бүгінгі таңда жоспарланған жұмыстар толық көлемде аяқталды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ауданда көше жарығымен қамту деңгейі 95,4 пайыздан 98,4 пайызға дейін өсті.
Ауыл тұрғындары да атқарылған жұмыстардың маңыздылығын атап өтуде. Олардың айтуынша, көшелердің жарықтандырылуы күнделікті тұрмысқа қолайлы жағдай жасап, әсіресе кешкі уақытта жүріп-тұруды жеңілдетеді.

«Көшелеріміздің жарықтандырылғанына қуаныштымыз. Бұрын кешкі уақытта қараңғы көшелермен жүру қолайсыз болатын. Қазір жарық шамдарының орнатылуының арқасында түнгі уақытта жүріп-тұру әлдеқайда ыңғайлы әрі қауіпсіз бола түсті. Бұл әсіресе балалар мен үлкен кісілер үшін маңызды. Аудан орталығының көркейіп, жағдайының жақсарып келе жатқанына қуанамыз», – дейді Қамысты селосының тұрғыны Айжан Әшім.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Сурет газет архивінен алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31