Жангелдин ауданында «Құпия сатып алушы» әлеуметтік жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті

 Жангелдин ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында «Құпия сатып алушы» әлеуметтік жобасы аясында қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды.

Іс-шара Жангелдин ауданы әкімінің аппаратының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жастар рухы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті.

Қоғамдық тыңдауға жобаға тапсырыс беруші мекеменің өкілдері, аудандық әкімдік бөлімдерінің басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысып, жобаның негізгі бағыттары мен іске асырылу тәртібін талқылады.

Жиын барысында қоғамдық бақылау жүргізу тетіктері, мемлекеттік және әлеуметтік қызметтердің сапасын бағалау, анықталған кемшіліктер бойынша жауапты мекемелермен өзара іс-қимыл жасау мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету және халықтың өтініш-ұсыныстарын ескеру бағыттарына баса назар аударылды.

«Жастар рухы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысушыларға жобаның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп, алдағы уақытта жүргізілетін мониторинг жұмыстарының тәртібі туралы ақпарат берді. Жоба нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша тиісті мекемелерге ұсыныстар мен ұсынымдар жолданатын болады.

Аталған қоғамдық тыңдау «Құпия сатып алушы» әлеуметтік жобасының тиімді жүзеге асуына, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және тұрғындар мен жауапты мекемелер арасындағы кері байланысты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Сурет Жангелдин ауданы әкімдігінің ресми сайтының алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1