Қамысты ауданында мас күйде жүк көлігін жүргізген жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды
Қамысты ауданы аумағына мас күйде жүк көлігін басқарған жүргізуші жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.
«Алау» басылымының жазуынша, Қамысты ауданында полиция қызметкерлері 52 жастағы мас жүргізушіні ұстаған.
Құқық бұзушылық республикалық маңызы бар автожолда патрульдеу кезінде анықталған.
Полицейлер жүк көлігінің жол бойында оңды-солды теңселіп, қауіпті маневрлер жасап, қарсы қозғалыс жолағына шығып жүргенін байқаған.
Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Сурет газет архивінен алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
Просмотров: 2