Албаниядағы халықаралық турнирде сарыкөлдік балуан Лаура Алмағанбетова алтын медаль жеңіп алды

Шын жүйрікке шаршы алаңда тұсау жоқ.

Албанияның Тирана қаласында өткен халықаралық рейтингілік Muhamet Malo Ranking Series турнирінде қазақстандық балуан Лаура Алмағанбетова 55 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Байрақты бәсекеде отандасымыз жоғары деңгейдегі қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.
Жеңімпаз спортшыны туған жерінде жанкүйерлері зор қошеметпен қарсы алып, жеңісімен құттықтады.

Лаура жарысты үндістандық Пушпа Пушпамен кездесуден бастады. Бұған дейін төрт жыл бұрын Азия чемпионатында қарсыласынан жеңіліп қалған еді. Бұл жолы қазақстандық балуан жігер танытып, 3:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.

«Албанияда өткен турнирден бірінші орын алып келдік. Алғашқы белдесуде үнді спортшысымен күрестім. Бұрын жеңіліп қалған едім, осы жолы есені қайтардым. Екінші айналымда Еуропа чемпионы неміс қызымен алғаш рет кездестім. Финалда украиналық спортшыны жеңдім. Бұл – рейтингілік турнир. Алматыда екі апта оқу-жаттығу жиынын өткізіп, тыңғылықты дайындалдық», – деді Лаура.

Жартылай финалда Германия өкілі Анастасия Блейвасты 6:1 есебімен жеңген Лаура финалға жолдама алды. Шешуші белдесуде украиналық қарсыласын 3:2 есебімен ұтып, жарысты алтын медальмен қорытындылады.

Балуанның бапкері Сәндібек Сәрсеновтің айтуынша, бұл жарысқа спортшы ерекше дайындықпен барған.

«Алдыңғы жарыста екінші орын алып қалғанбыз. Сондықтан бұл жолы жан-жақты дайындалдық. Соның нәтижесінде алтын медальға қол жеткіздік. Биыл өтетін Азия ойындарына қатысу – басты мақсатымыз. Келесі жарыс – Азия ойындарына іріктеу турнирі», – деді бапкер.

Айта кетейік, бұл жеңіс Лаура Алмағанбетованың халықаралық аренадағы беделін арттырып қана қоймай, алдағы Азия ойындары алдындағы маңызды қадам болды.

Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді спорт бөлімі ұсынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Возвращенные активы ускорили стройку водопровода в Шили Джангельдинского района

Если заглянуть на портал государственных закупок, проект все еще может значиться в списках «незавершенных», однако…

19 минут назад

В селе Караменды Наурзумского района прошли соревнованию по национальной игре кокпар

Казахские национальные игры имеют огромное значение в воспитании подрастающего поколения. (далее…)

1 час назад

«Қыздарым – менің гүлдерім»

Төрт қыздың әкесі 8 наурызды ерекше қарсы алады. (далее…)

4 часа назад

Денисовтен шыққан паралимпиадашының анасы ұрпақ тәрбиесі туралы ой бөлісті

Бүгін, 6-наурызда Итальяның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XIV қысқы паралимпиада ойындары басталады. (далее…)

4 часа назад

Қамыстылық ханым

Туған жерге адал қызмет етіп жүрген Раушан Махмудова жайлы бір үзік сыр. (далее…)

2 дня назад

This website uses cookies.