«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су шаруашылығы нысанын аралап, олардың қазіргі жағдайымен танысты.

Сапардың негізгі мақсаты – су нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тасқын кезеңіне дайындықты күшейту және су ресурстарын тиімді басқару мәселелерін пысықтау.

Министр алдымен «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай филиалына барып, мекеменің жұмыс барысын көрді. Қызметкерлермен кездесіп, сала мамандарымен пікір алмасты.

Жұмыс сапары аясында Жангелдин ауданындағы «Албарбөгет» бөгетінің жай-күйіне ерекше назар аударылды. Биыл нысанда реконструкциялау жұмыстары жүргізілген болатын. Жобаның басты мақсаты – маңайдағы елді мекендерді су басу қаупінен қорғау және мал шаруашылығын жемшөп қорымен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасау.

Қазіргі уақытта «Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері негізінде гидротехникалық құрылыстың қауіпсіздік декларациясын әзірлеу жоспарланған. Бұл өз кезегінде нысанның техникалық жағдайын бағалап, оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Аталған бөгеттің жағдайы, әсіресе, көктемгі су тасқыны кезеңінде маңызды. Өйткені гидротехникалық құрылыстардың сенімді жұмыс істеуі елді мекендердің қауіпсіздігіне және өңірдегі шаруашылықтардың тұрақтылығына тікелей әсер етеді.

Министрдің жұмыс сапары барысында Ашутасты ауылдық округіндегі Ашутасты су қоймасы да назардан тыс қалмады. Сыйымдылығы 5 миллион текше метр болатын бұл нысан Арқалық қаласын сумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Алдағы жылы су қоймасына көпфакторлы тексеру жүргізу жоспарланып отыр. Мұндай жұмыстар су нысандарының техникалық жағдайын бағалауға, ықтимал қауіптердің алдын алуға және су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Сапар аясында Тобыл-Торғай бассейндік су инспекциясының мамандары және «Қазсушар» РМК жергілікті филиалы өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді. Жиында бассейндік инспекциялардың қызметін жетілдіру, су ресурстарына бақылауды күшейту және азаматтардың өтініштерін уақтылы қарау мәселелері талқыланды.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су саласындағы бақылау жұмыстарының маңызын атап өтті.

«Министрлік құрылғаннан бері бассейндік инспекциялардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды. Қызметкерлер саны арттырылып, барлық облыс орталығында бөлімшелер ашылды. Инспекторлардың функцияларын кеңейтуді көздейтін жаңа Су кодексі қабылданды. Сондай-ақ құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жолға қойылды. Сондықтан өңірдегі су ресурстарына қатаң бақылау орнату қажет. Азаматтардың өтініштері де жедел қаралуға тиіс», – деді министр.

Кеңес қорытындысында Тобыл-Торғай бассейндік су инспекциясының, «Қазсушар» РМК-ның және Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты жауапты комитеттер мен департаменттердің басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Су нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың техникалық жағдайын тұрақты бақылауда ұстау және тасқын қаупінің алдын алу – өңір үшін маңызды міндеттердің бірі. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін сақтауға, елді мекендер мен шаруашылықтарды ықтимал су басу қаупінен қорғауға негіз болады.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Сурет – Су ресурстары және ирригация министрлігінің әлеуметтік желісінен алынды

admin

Поделиться
Опубликовал
admin

Недавние новости

Қостанайлық журналистер республикалық спартакиадада ІІІ орын алды

Абай облысының Семей қаласында Республика күніне орай журналистер мен баспасөз хатшылары арасында республикалық спартакиада өтті.…

20 минут назад

В Тобыле поблагодарили представителей сферы социальной защиты в честь профессионального праздника

В ДК «Алтын дән» прошло награждение известных деятелей социальной сферы, представителей общественных объединений и фондов,…

28 минут назад

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

45 минут назад

Денисовский район снова выходит покорять областную хоккейную арену

В Костанайской области начался пятый сезон Костанайской любительской хоккейной лиги (КЛХЛ). (далее…)

3 часа назад

Руководители крестьянских хозяйств показывают пример отношения к земле и рабочим

Одним из таких является руководитель крестьянского хозяйства «Снегирев Ю.А.» из Алтынсаринского района Юрий Снегирев. (далее…)

3 часа назад

Рамиль Фатыхов из села Перелески играет главную роль в сериале «Перваш»

История успеха у каждого своя, но самые вдохновляющие сюжеты всегда рождаются там, где сочетаются верность…

1 день назад

This website uses cookies.