Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді. Қоғамның қолдауы осындай кезде байқалады.
Торғай жерінде су тасқыны басталған кезден бастап, Жангелдин ауданына, блогер Жансерік Қадырбаев пен әнші Ернар Садирбаев (Amre) келіп, табиғи апаттан зардап шеккен адамдармен кездесіп кетті. Содан кейін блогер өзінің парақшасында оқырмандарымен бірге 1 күн ішінде 44 миллион теңге жинады.
– Небәрі 1 тәуліктен аса уақыт ішінде кеңпейілділікпен, мейрімді жүрекпен оқырмандардың бастауымен, барша қазақ елінің қолдауымен осындай қаржы жиналды. Алматы қаласынан 20 тоннадық бір фураға 41 киіз үй салдық. Өздеріңіз білетіндей, қазір адамдар баспаналарынан айырылды. Ата-бабаларымыз мекен еткен осындай шаңырақ ауадай қажет. Себебі, адамдар мектептер де, басқа адамдардың үйінде өмір сүріп жатыр, – дейді Жансерік Қадырбаев.
Оған қоса Астана қаласынан екінші фура жіберілді. Оның ішінде азық-түлік, көрпе-төсек, киім-кешек, гигиеналық заттар, генератор, урлемелі қайықтар, обогреватель сынды қазір керек болатын заттар бар.
– 20 тонналық 2 фуррадан басқа, оған қоса салоннан жап-жаңа ГАЗель алды. Адам таситын көлік керек, сондықтан Торғай өңірінің жұртшылығының керегіне жарасын деген оймен сатып алған жайымыз бар. Ал енді, жағдай тұрақталғаннан кейін бұл ГАЗельді не істейді деген сұрақ туындайтын шығар. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың ауылындағы халықтың еншісінде болады, – дейді блогер.
Тағы айта кететін жайт, 4 миллионнан аса қаражат қалған еді, оны 5 миллион қылып, «Asar Ume» республикалық қайырымдылық қорына берді. Ол ақша Атырау облысы, Құлсары ауданына жіберіледі.
Аяжан СЕРІК,
сурет парақшадан алынды
Учительница русского языка и литературы из Рудного Татьяна Кузнецова занимает третью строчку в категории «Читающий…
Об этом аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков рассказал и поблагодарил бизнесменов во время аппаратного совещания…
На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…
В Узункольском районе проблем с природными источниками не было - озёр много и, как говорят…
В Астане наградили победителей Национального конкурса «Мерейлі отбасы-2026». (далее…)
В районной больнице появились современные аппараты, которые помогают пациентам восстанавливать подвижность рук и ног после…
This website uses cookies.