Қамыстыға көшіп келушілер қатары артып келеді

Биыл Қамысты ауданы бойынша қандастарды қабылдау бойынша 9 квота бөлінді.

Елімізде жүзеге асырылып жатқан оңтүстіктен солтүстікке көші-қон бағдарламасы өз нәтижесін беріп келеді. Бұл бастама еңбек күші артық өңірлерден халықты солтүстік аймақтарға қоныстандыру арқылы өңірлер арасындағы теңгерімді сақтауға, жаңа жұмыс орындарын игеруге және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жандандыруға бағытталған.

Биыл Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Қостанай облысы бойынша 200 қандасты және еңбек күші артық өңірлерден 485 қоныс аударушыны қабылдау квотасы бекітілді. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 50 адамға артық көрсеткіш.

2026 жылғы 29 қаңтарда өткен кеңесте аталған квота облыстың қала-аудандары арасында бөлінді. Соған сәйкес Рудный қаласы бойынша қандастарды қабылдау квотасы 111 адамды құраса, қалған 89 квота өзге өңірлерге тиесілі. Ал еңбек күші артық өңірлерден келетін қоныс аударушылар үшін жалпы квота 485 адам болып белгіленді.

Облыстық еңбек мобильділігі орталығы директорының орынбасары Ерлан Мушаевтың айтуынша, қоныс аударушылар мен қандастарға мемлекет тарапынан ауқымды қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, әрбір отбасы мүшесіне 70 АЕК көлемінде біржолғы көшу субсидиясы беріледі. Сонымен қатар 12 айға дейін тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерді төлеу үшін 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі қаржылай көмек қарастырылған.

Бұдан бөлек, жұмыс берушілерге 1 625 АЕК көлемінде субсидия төленеді. Қоныс аударушылар қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтіп, жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ оларға тұрғын үй сатып алу үшін экономикалық мобильділік сертификаттары ұсынылады. Қалалық жерлерде баспана екінші деңгейлі банктер арқылы ипотекаға рәсімделсе, ауылдық жерлерде қолданыстағы тәртіп сақталады.

Айта кету керек, 1991 жылдан бастап 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін елімізге 1 миллион 148 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи Отанына оралған.

Мемлекеттік бағдарламаның игілігін Қамысты ауданының тұрғындары да көріп отыр. Ауданда көші-қон көрсеткіші жыл сайын оң динамикаға ие. 2026 жылы қандастарды қабылдау бойынша 9 квота бөлініп, оның 8-і орындалды. Ал ішкі қоныс аудару бағдарламасы аясында 3 отбасыға (15 адам) квота қарастырылғанымен, нақтысында 4 отбасы, яғни 22 адам қоныс аударды.

Өткен жылы да ауданға бірқатар отбасы көшіп келіп, жаңа ортаға бейімделіп, еңбек нарығына белсенді араласқан болатын. Бұл өз кезегінде өңірдің демографиялық өсіміне және экономикалық дамуына оң әсерін тигізуде.

Биыл Қамысты ауылына қоныс аударып келгендердің бірі – Шырын Жұмаділ. Ол бұған дейін Алматы қаласы мен Талдықорған қаласы қалаларында тұрған. Бүгінде Қамысты ауданында жаңа өмір бастап, тұрақты жұмысқа орналасқан.

– Алматыда жұмыс істеп жүріп, Талдықорғанға келін болып түстім. Сол жерде медбике болып еңбек еттім. Кейін декреттік демалысқа шықтым. Қазір Қамысты аудандық ауруханасына жұмысқа орналастым. Отбасымызбен арнайы бағдарлама арқылы көшіп келдік. Жолдасыма да жұмыс табылды. Қызымды балабақшаға бердік. Жаңа ортаға тез үйренісіп кеттік, – дейді ол.

Шырынның айтуынша, Қамысты ауданын таңдауға достары кеңес берген. Бүгінде олар бұл шешімдеріне дән риза.

Жалпы, көші-қон бағдарламалары тек халық санын арттырып қана қоймай, ауыл-аймақтардың дамуына тың серпін беруде. Ең бастысы – жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, әр отбасының болашаққа деген сенімін нығайта түсуде.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Юные Аулиекольские «Метаморфозы» завоевали сердце Алматы

IV Международный театральный фестиваль-конкурс «Алға жетістікке» подарил детям море эмоций и I место. (далее…)

19 минут назад

Дизайнерские клумбы и «баня» для сосен: как Лисаковск будут превращать в цветущий сад

В данный момент на портале госзакупок ведется тендер на озеленение города. (далее…)

3 часа назад

Золотые и серебряные: аулиекольским многодетным матерям вручили подвески

Сельчанки стали обладательницами наград «Алтын алқа» и «Күміс алқа». (далее…)

3 часа назад

Тротуары, перила и озеленение: в Аркалыке за два месяца обновят четыре центральные улицы

На обновление пешеходных зон улиц Маясова, Горбачева, Демченко и Ш. Жанибека выделено более 200 миллионов…

5 часов назад

Арқалық солтүстік пен оңтүстікті байлайтын логистикалық орталыққа айналады

Қостанай облысында көлік-логистика саласын дамыту бағытында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. (далее…)

17 часов назад

В поселке Сарыколь прошел субботник по благоустройству территории

Всего в субботнике было задействовано порядка 80 человек. (далее…)

17 часов назад

This website uses cookies.