Қамысты ауданы: Адай ауылының жаңа тынысы

Қамысты ауданына қарасты Адаев ауылы бүгінде жаңа серпінмен дамып, инфрақұрылымы жақсарған, тұрмыс сапасы артқан елді мекендердің қатарында.

Кеңес дәуірінде шаруашылықтың ізі қалған ауыл бүгінгі таңда өзгеріс пен жаңғыру кезеңін бастан кешіп отыр.
Ауылдың бүгіні – үмітке толы тіршілік.

Бір кездері 3 мыңға жуық тұрғыны бар Адай ауылында бүгінде 400-ден астам адам өмір сүруде. Әр аулада бақша егіліп, мал мен құс өсіріледі. Ұлттар достығы мен ауыл халқының ынтымағы бұл мекеннің басты ерекшеліктерінің бірі болып қала беруде.
Зейнеткер Римма Семенова былай дейді:

– Үш жасымнан бастап осы ауылда тұрамын. Бүгінде зейнеткермін, бірақ бау-бақша егіп, мал ұстап, тіршілігімді жалғастырып келемін. Біздің ауыл татулығымен ерекшеленеді.


Ауыл тұрғындарының көп жылғы арманы болған табиғи газ желісі тартылып, 100-ден аса үй таза ауыз су жүйесіне қосылды. Бұрынғыдай көмір тасып, құдықтан су әкелетін ауыр күндер артта қалды.

Жергілікті тұрғын, жедел жәрдем жүргізушісі Виктор Ахрамеев:

– Көгілдір отын мен ауыз су келгелі ауылдың тұрмысы айтарлықтай жеңілдеді. Қазір қаладағыдай өмір сүріп жатырмыз.

Әлеуметтік нысандар жұмыс істеп тұр

Ауылда бірқатар әлеуметтік нысандар өз қызметін жалғастыруда. Солардың бірі – ауылдық асхана. Маусымдық кезеңде жұмысшыларға күнделікті тамақ әзірленіп, егістік басына жеткізіледі.

Аспаз Юлия Захарова:

– Таңғы 7:30-дан бастап жұмысқа келіп, бірінше және екінші ас әзірлейміз. Кейін оны дала жұмысына шыққан еңбеккерлерге апарып береміз.

Юлия мен жұбайы ауылда үш баласымен бірге тұрады. Өз шаруашылықтарын жүргізіп, ауыл өмірінің берекесін сақтап отыр.

Білім беру: басты мәселе – оқушы мен кадр

Адаев орта мектебі 300 оқушыға арналған кең білім ордасы. Алайда қазіргі таңда білім алып жатқан оқушылар саны – бар болғаны 68. Биылғы жаңа оқу жылында мектепке небәрі 5 бала қабылданбақ.

Мектеп директоры Наталья Степанова:

– Бізге математика, химия, тіл мамандары жетіспейді. Қазір көрші ауылдардан уақытша мұғалімдер тартылып отыр. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бар, бірақ жастар ауылға келуге асығар емес.

Мектеп 2016 жылы күрделі жөндеуден өткен. Ғимарат жағдайы жақсы, алайда кадр тапшылығы мен оқушы санының аздығы – ауыл өміріндегі өткір мәселе болып отыр.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Қайырымды кәсіпкер Қамысты жұртына мерекелік тарту жасады

Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)

2 дня назад

5-летний мальчик погиб в Костанайской области

Подозреваемого уже задержали, об этом сообщает "Тоболинфо" (далее…)

2 дня назад

«Школа осознанного материнства» В Аулиекольской школе имени Сьянова состоялась встреча с родителями

Как лучше понимать своего ребенка, поддерживать его в период взросления и выстраивать отношения, основанные на…

2 дня назад

Уроженец Свердловки больше двадцати лет охраняет государственную границу на родной земле

Обеспечение надежной охраны государственной границы и укрепление пограничной безопасности всегда остаются в числе ключевых приоритетов…

2 дня назад

В Камыстинском районе определили победителей конкурса видеороликов «Таза Қазақстан»

В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…

2 дня назад

This website uses cookies.