Қамысты ауданына қарасты Қарабатыр ауылында қысқы тіршілік қалыпты арнада өрбіп келеді.
Биылғы жылы жауын-шашынның жеткілікті болуы мен күзгі маусымның қолайлы өтуі ауыл шаруашылығымен айналысатын тұрғындарға егін мен шөпті уақытында жинап алуға мүмкіндік берген. Соның нәтижесінде ауылда қысқа арналған жем-шөп қоры толық қамтылған.
Қарабатыр ауылдық округінің әкімі Аманжол Қабылханның айтуынша, бүгінде ауыл бойынша 2 мың тоннаға жуық шөп қоры дайындалған.
— Жаз бойы жаңбыр мол болды, шөп те, егін де бітік шықты. Күзде де ауа райы қолайлы болып, шаруалар жем-шөбін дер кезінде жинап алды. Сондықтан биыл қыстан қысылмай шығамыз деп сеніммен айтуға болады, — дейді округ әкімі.
Ауылдағы ірі шаруашылықтардың бірі — «Қарабатыр» агрофирмасы» ЖШС қысқы дайындықта маңызды рөл атқарып отыр. Кәсіпорын күзгі маусымда әр үйге 1 тоннадан жем таратқан. Сонымен қатар көктемгі кезеңде тағы 1 тоннадан беру жоспарланып отыр. Ал шөпті бірден емес, кезең-кезеңімен алғысы келетін тұрғындар үшін әр екі ай сайын сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.
Қазіргі таңда Қарабатыр ауылында 174 үй бар. Соның 116-сы мал ұстайды. Тұрақты халық саны — 608 адам. Жеке сектордағы мал басы да айтарлықтай: 580 ірі қара, 960 ұсақ мал, 493 жылқы, 42 доңыз және 3209 үй құсы тіркелген. Бұл деректер 2025 жылғы маусым айындағы есепке сәйкес алынған.
Ауыл тұрғыны Жеңісхан Мұғражұлы биылғы қыстан алаңдаушылық жоқ екенін айтады.
– Бұрын шөп жетпей қала ма деп уайымдайтынбыз. Биыл олай емес. Өзіміз де дайындадық, қажет кезде агрофирмадан алып отырмыз. Жем де уақытында берілді. Мал қыстатуға барлық жағдай жасалған, – дейді ол.
Мал бағу жұмыстары да жүйелі түрде ұйымдастырылған. Ауылда жеке сектор малы үшін екі табын құрылып, бақташылар тұрақты түрде мал бағып отыр. Бұл тұрғындардың күнделікті тіршілігін жеңілдетіп, мал күтімін бір ізге түсірген.
Ветеринарлық қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалмаған. Мамыр-маусым және қыркүйек-қараша айларында ірі қара мен ұсақ малға туберкулез, аусыл және өзге де жұқпалы ауруларға қарсы жоспарлы вакцинация жүргізілген.
– Барлық екпелер уақытында салынды. Ветеринар маманның жұмысы тұрақты бақылауда, – дейді округ әкімі.
Қарабатыр ауылында ветеринарлық қызметті Қажымұқан Башпаев атқарады. Биыл бруцеллез ауруының алдын алу шаралары барысында он шақты бас малдан ауру анықталып, тиісті ветеринарлық шаралар дер кезінде қабылданған.
Қысқы кезеңде ауыл тіршілігі үшін жол қатынасының үздіксіз болуы да маңызды. Ауыл ішіндегі көшелерді қардан тазалау жұмыстары «Қарабатыр» агрофирмасы» ЖШС-не жүктелген. Арнайы техника бөлініп, жолдар уақытылы тазартылып отыр.
– Қар қалың түскен күндері техника бірден шығады. Қазір жол қатынасы бойынша мәселе жоқ, – дейді Аманжол Қабылхан.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – автор
Костанай посетил внук Ахмета Байтурсынова — Шнбулат Амиров. Об этом пишет "Наш Костанай" (далее…)
Виталий Пухкало — наш земляк и один из ведущих лыжников Республики Казахстан, мастер спорта международного…
Қарасулық ардагер-шахматшы Алмат Момбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жүлдесіне арналған шахмат турнирінің облыстық кезеңінде жеңіске…
Цифрландыру ауыл шаруашылығы саласына да дендеп еніп келеді. (далее…)
В программу спартакиады включены семь дисциплин: мини-футбол, волейбол, баскетбол 3х3 (стритбол), настольный теннис, лыжные гонки,…
В ночь с 18 на 19 января жители Мендыкаринского района собрались у проруби, установленной напротив…
This website uses cookies.