Қамысты ауданына жедел жәрдем көлігі берілді

Ал облыс бойынша 50 көліктің кілті табысталды

Қостанай облысының жедел медициналық жәрдем қызметі 50 жаңа арнайы автокөлікпен толықты. Кілттерді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен облыс әкімі Құмар Ақсақалов салтанатты түрде табыстады.

Жаңа көліктердің барлығы Қостанайдағы Allur зауытында құрастырылған. Оның ішінде 40-ы – В санатындағы жедел көмек көрсетуге арналған, 10-ы – С санатындағы реанимобиль. Барлық техника заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған және халықаралық стандарттарға сай келеді.
Бұл жолы жаңа көліктердің бірі Қамысты аудандық филиалына бөлінді.

«Қамысты ауданына бір жедел жәрдемі көлігі табыс етілді. Алдағы күндері құжаттандыру жұмыстары аяқталған соң, көлік ауданға жөнетіледі. Қазіргі таңда аудандарда жедел жәрдем көліктерінің жетіспеушілігі жоқ. Бізде өңірлерге шығатын резервтегі көлік бар, – деді облыстық медициналық кезек күттірмейтін жедел жәрдем станциясының басшысы Олег Мелешенко.

Жаңа көліктердің берілуі жедел жәрдем қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын да едәуір арттырады.

Министр Ақмарал Әлназарова шара барысында медициналық қызмет сапасын арттыру мен дәрігерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жаңа заң жобалары жөнінде айтты.

«Жедел жәрдем қызметі – ең жауапты салалардың бірі. Қостанай облысына берілген 50 көлік осы бағыттағы нақты қолдаудың көрінісі», – деді ол.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңір медицинасының материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға нығайып келе жатқанын атап өтті.

«Жаңа техника қызмет сапасын айтарлықтай жақсартады. Әрбір көлік – адам өмірін сақтаудағы сенімді көмекші», – деді әкім.

Жалпы, осы жеткізілген көліктердің арқасында облыстағы жедел жәрдем автопаркі 90 пайызға дейін жаңарды. Бұрын машиналардың 76 пайызы ескірген болса, енді бұл көрсеткіш 30 пайыздан төмендеді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті түсірген– Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Қайырымды кәсіпкер Қамысты жұртына мерекелік тарту жасады

Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)

2 дня назад

5-летний мальчик погиб в Костанайской области

Подозреваемого уже задержали, об этом сообщает "Тоболинфо" (далее…)

2 дня назад

«Школа осознанного материнства» В Аулиекольской школе имени Сьянова состоялась встреча с родителями

Как лучше понимать своего ребенка, поддерживать его в период взросления и выстраивать отношения, основанные на…

2 дня назад

Уроженец Свердловки больше двадцати лет охраняет государственную границу на родной земле

Обеспечение надежной охраны государственной границы и укрепление пограничной безопасности всегда остаются в числе ключевых приоритетов…

2 дня назад

В Камыстинском районе определили победителей конкурса видеороликов «Таза Қазақстан»

В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…

2 дня назад

This website uses cookies.