Қамысты ауданында жас құтқарушы кәсібіне адалдық танытуда

Қамысты ауданындағы №18 өрт сөндіру бөлімінің жас маманы Ерасыл Көпшілік – өз мамандығын жүрек қалауымен таңдаған құтқарушылардың бірі.

Қызмет жолын Ақтөбедегі Ш.Берсиев атындағы колледжде білім алып, әскер қатарынан оралған соң бастаған Ерасыл бүгінде нағыз кәсіби маман ретінде қалыптасып келеді.

– Бұл мамандық жай ғана жұмыс емес. Бұл – үлкен жауапкершілікті, ұйымшылдықты, тәртіп пен ерлікті талап ететін өмір жолы. Біз әр күнді «кімге көмектесе аламыз?» деген оймен бастаймыз, – дейді ол.

Ерасылдың айтуынша, командалық рух пен бір-біріне деген сенім – құтқарушы жұмысының негізі. Ол қызмет барысында талай қиын сәттерді бастан өткерген. Соның бірі – биылғы жылы Аралкөл ауылдық округіндегі аптаға созылған дала өрті. Қиын жағдайда әріптестер бір-біріне сүйеніп, түнгі уақытта да тынымсыз еңбек еткен.

– Сол кездері нағыз ұжымдық ауызбіршілік пен достықтың не екенін терең түсіндім. Бұл – мамандығыммен мақтануға себеп болды, – дейді жас маман.
Жастар арасындағы кәсіби жарыстарда да Ерасыл жақсы нәтижелер көрсетіп келеді. Өткен жылы Жітіқара ауданында өткен өрт сөндірушілер сайысында №18 бөлімше бірінші орынды иеленді. Бұл – жас маман үшін жаңа ұжыммен қол жеткізген алғашқы ірі жетістік.

– Марапат үшін емес, адамдардың өмірі үшін жұмыс істейміз. Бұл менің өмірлік ұстанымым. Әкемнің тәрбиесі мен үлгісі біз үшін темірқазық болды. Құтқарушы болу – батылдық пен сабырлылықты, шапшаңдық пен дәлдікті талап етеді, – дейді Ерасыл.

Қызмет барысында қызықты сәттер де болмай қалмайды. Бірде жол үстінде өрт сөндіру қолғаптарын түсіріп алып, қараңғы түнде қайта іздеуге мәжбүр болған. Кейін олардың бөлімде жуылып жатқанын біліп, бұл оқиға күлкіге ұласқан.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

30 апреля на Амангельдинском водохранилище пройдут антитеррористические учения

С 08:00 до 14:00 на территории Амангельдинского водохранилища Костанайского филиала РГП на ПХВ «Казводхоз» г.…

16 часов назад

В лагере «Солнечный» Денисовского района появится современная спортплощадка

К летнему сезону здесь планируют построить профессиональную зону для баскетбола и волейбола. Теперь вместо старого…

19 часов назад

Аркалыкская ТЭК обновит проекты санитарной охраны водоисточников

ГКП «Аркалыкская теплоэнергетическая компания» инициировала масштабную работу по защите источников питьевой воды. (далее…)

22 часа назад

В Качарской школе №1 отремонтируют спортзал

Одна из старейших школ Рудного готовится к юбилею с обновленной спортивной базой. (далее…)

22 часа назад

Крупный инвестпроект придорожного сервиса запущен в Аулиекольском районе

В комплекс, открытый в Новонежинке, входит кафе, супермаркет и гостиница. В селе состоялся запуск современного…

22 часа назад

This website uses cookies.