Қамысты ауданында жаңа оқу жылы ерекше көңіл-күймен басталды. Биыл аудан бойынша 131 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттаса, 71 түлек үшін алтын ұядағы соңғы оқу жылы басталды.
1 қыркүйек – Білім күні аудан мектептерінде «Қош келдің, алтын ұя мектебім!» атты алғашқы қоңырау салтанаты өтті. Биылғы шара «Ыбырайдың қоңырауы – болашаққа аманат» ұранымен ұйымдастырылып, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің білімге үндеген өнегелі мұрасы дәріптелді.
Аудан орталығындағы №2 Қамысты жалпы білім беретін мектебінің табалдырығын биыл 13 бүлдіршін алғаш рет аттады. Оларды 21 жылдық еңбек өтілі бар бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы Сәнімгүл Жұмағұлова қарсы алды.
Алғашқы қоңырау салтанаты Мемлекеттік Әнұранмен басталды. Мерекелік жиында Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев ұстаздар қауымын, ата-аналар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, алғашқы қадамдарын жасап отырған бүлдіршіндерге ақ жол тіледі.
«Мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын балалардың жүрегінде бүгінгі күн мәңгі сақталады. Әрқайсысының білім жолы жарқын жетістіктерге толы болсын», – деді аудан әкімі.
Жаңа оқу жылына дайындық аясында ауданда білім беру нысандарын жаңғырту жұмыстары да жалғасып келеді. Соңғы үш жылда екі ауыл мектебі күрделі жөндеуден өтіп, 17 ағымдық жөндеу жүргізілген. Тоғыз мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, 10 жаңа кабинет жабдықталған.
Әлеуметтік қолдау да назардан тыс қалған жоқ. Биыл «Жалпыға бірдей оқыту» қоры арқылы 98 оқушыға 4 млн 983 мың 398 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілсе, «Мектепке жол» акциясы аясында 118 балаға 2 млн 180 мың 450 теңге көлемінде көмек берілді. Қолдауға ие болған балалар мектеп формасы, оқу құралдары мен кеңсе тауарларымен қамтамасыз етілді.
Өткен оқу жылында Қамысты оқушылары пәндік олимпиадалар мен түрлі байқауларда, спорттық және шығармашылық жарыстарда жақсы нәтижелер көрсетті. ҰБТ қорытындысы да көңіл қуантты. №2 Қамысты орта мектебінің түлегі Әмірхан Ғизат 132 балл, ал Жандос Қасаев 125 балл жинады.
Мерекелік шарада мектептің үлкен буыны мен бірінші сынып оқушылары арасында символикалық сабақтастық та көрініс тапты. 11-сынып оқушылары бірінші сыныпқа қабылданған бүлдіршіндерге Білім кілтін табыстады. Ал мектеп директоры Женисхан Ақбидай жас өрендерге алғашқы «Әліппе» кітаптарын сыйлады.
Көпшілік асыға күткен сәтте алғашқы қоңырауды бірінші сынып оқушылары Айназ Елкеева, Әмірәлі Серік, Назар Мұхамбетуәли, Айару Байқанова және 11-сынып оқушылары соқты.
Қоңыраудың сыңғырлаған үні жаңа оқу жылының басталғанын жариялап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерді білім әлеміне бастады.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді жолдаған аудандық ішкі саясат бөлімі
По словам людей, в августе у них отключали горячую воду, однако в общей группе в…
Коммунальные службы и ответственные организации заранее проводят комплекс необходимых мероприятий, чтобы с наступлением холодов объекты…
Особое внимание уделяют безопасности детей и общественному порядку (далее…)
Всего в районе более двух тысяч учеников (далее…)
Областное управление спорта опубликовало прайс, передает "Наш Костанай" (далее…)
Ее главная цель — оказать необходимую помощь детям из малообеспеченных и многодетных семей, а также…
This website uses cookies.