Биылғы қыста былтырғыдай қар қалың түспесе де, ауыл-аймақ арасын ақ көрпеге орады.
Қамысты ауданының дәл орталығында әудем жердегі төбешік басында балалар асыр сала ойнап, сырғанақ теуіп жүр. Беттері алаулаған олардың ойын қызығына кіргені соншалық, ауа райының қытымыр мінезін де елер емес.
Иә, қыс қызығы – сырғанақ. Қар жауса болды, шанасын сайлайтын ойын баласының әдеті емес пе?! Орталық көшедегі 22 метрлік биіктіктегі сырғанақта да ойын қызып тұр. Қасымдағы әріптесім дереу фотоаппаратына түсіріп алды.
– Демалыс күндері болсын, сабақ біткеннен бәріміз осында бас қосамыз. Биыл біздің сырғанақ ерекше. Биіктігі – 22 метрлік. Нағыз қыстың ортасы. Бүгін күн ерекше аспанда қар жапалақтап жауып тұр, жақсы сергіп қалдық. Шаңғы тебуге де жағдай жасалса деймін. Бұдан бөлек, сәрсенбі, жексенбі күндерінен басқа күндері коньки тебуге арналған мұз айдыны тағы бар. Онда да барып уақытымызды қызықты өткіземіз. Мұнда келетін балалар көп, – дейді 6 сынып Серік Смағұлов.
-Өте қызықты, биыл бізде жылдағыдан өзгеше сырғанақ, мұз айдыны салынды. Өткен жылы шағын болған. Биылғы сырғанақ ерекшілігі өте биік. Ағаштан арнайылап жасалған. Күнде келіп, сыныптастарыммен бірге сырғанақ теуіп, бос уақытымызды көңілді өткіземіз, – дейді мектеп оқушысы Жасұлан Аманов.
Рас, ата-аналар балала¬рының жан-жақты дамуы үшін қысқы спорттық ой¬ын алаңдарының болғанын қа¬лайды. Самар, Сарыбел өңі¬рінде жаз қалай қызықты өтсе, қысы да қызыққа толы болса деседі. Аудан Бұқтырма су қоймасын жағалай жатқан соң, жазды жұрт жақсы өткізеді. Сол сияқты қыста да сырғанақ тебетін орындар көбейіп, мұз айдындары ашылса деген елдің тілегі бар.
– Таза ауа денсаулыққа пайдалы ғой. Сә¬би¬лердің дені телефон мен компью¬терден көз алмайды. Биылғы сырғанақ ерекше. Өте биік. Қауіпсіз. Айналасы кең. Ауданымыздың жастары бос уақытын әртүрлі үйір¬мелер мен спорттық ойындарға арнайды. Әсіресе хоккей ойнайды, коньки тебеді, – дейді көп балалы ана Ақбидай Жеңісхан.
Есте¬ріңізге салсақ, Прези¬дент 2022 жылды Балалар жылы деп жариялаған болатын. Жыл өткенімен, жауапты мекемелер балаларға деген қолдауын тоқтатқан жоқ.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
Ұлттық өнер – халықтың жадын жаңғыртып, рухын асқақтататын асыл қазына. (далее…)
«Ұлттық қор – балаларға» бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына 2022 жылғы…
Как известно, стадия уголовного досудебного расследования начинается с регистрации заявления, сообщения об уголовном правонарушения. (далее…)
Такие данные озвучены в Карасуском отделе полиции во время проведения заседания круглого стола. (далее…)
Еңбектің жалынына шыдап, маңдай терімен күнкөріс қамын жасап жүрген әр маманның қоғам алдындағы жауапкершілігі өлшеусіз.…
В мероприятии приняли участие прокурор Мендыкаринского района Ерлан Сарсенов, глава района Габит Бекбаев и представители…
This website uses cookies.