Қамыстыда 53 мың гектар игерілмеген жер мемлекетке қайтарылды

Былтыр тек ауыл шаруашылығы мақсатындағы 12,2 мың га жер қайта бөлінді.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласын дамытуда жер ресурстарын тиімді пайдалану аса маңызды бағыттардың бірі болып отыр. Осыған байланысты Қамысты ауданында да игерілмеген және тиімсіз пайдаланылып жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және оларды қайта айналымға енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл туралы Қамысты аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Дамир Алдоңғаров мәлімдеді.

Жалпы, игерілмей жатқан жерлерді кері қайтару керектігі біраздан бері айтылып келеді. Соңғы бір жылдан бері бұл мәселені тездетіп шешу жұмыстары қолға алынды.

Өткен жылы Қамысты ауданы бойынша жалпы көлемі 53 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 19,8 мыңнан астамы егістік, 32,8 мыңнан астамы – жайылым. Ал 338,9 гектары өзге санаттағы жерлерді құрайды. Бұл көрсеткіш аудан бойынша игерусіз жатқан жерлердің айтарлықтай көлемде екенін көрсетіп отыр.

Бүгінгі таңда «Жерді тиімді пайдалану» мәселелері жөніндегі республикалық комиссия жұмыс істейді. 2025 жылы өткізілген екі конкурс нәтижесінде бірқатар жер телімдері жаңа жер пайдаланушыларға өтті. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығының дамуына, жаңа инвестициялардың тартылуына және жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді.

«2025 жылы екі конкурс комиссиясы өткізілді. Былтыр 19 наурызда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша ақылы ұзақ мерзімді жер пайдалануға беру бойынша жалпы көлемі 8 149,9 га жерге конкурс өткізілді. Оның ішінде егістік бойынша – 445,6 га, жайылым бойынша – 7 684 га. Нәтижесінде жалпы 5 934,2 га жер берілді. Ал 7 қазанда жалпы көлемі 19 670,4 га жерге конкурс өткізілді. Оның ішінде егістік – 2 700,9 га, жайылым – 16 881,3 га. Нәтижесінде 1 724,4 га жер беру туралы шешім қолдау тапты», – деді Дамир Алдоңғаров.

Жерлердің игерілмеуіне негізінен жер пайдаланушылардың жауапсыздығы, қаржылық қиындықтар, сондай-ақ инфрақұрылым мен су көздерінің жеткіліксіздігі себеп екен. Кейбір шаруашылықтар қажетті техника мен қаражаттың болмауына байланысты жерді толық игере алмай отыр. Дегенмен жайылымдық жерлерге мал шаруашылығын дамыту үшін сұраныс бар.

Аудан бойынша игерілмеген жерлерді анықтау және бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл бағытта Қазақстан ғарыш сапары мониторинг платформасы және ауыл шаруашылығы жануарларының дерекқоры (ИСЖ) кеңінен қолданылады. Аталған жүйелер арқылы жердің нақты пайдаланылу жағдайы қадағаланып, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады. Айта кетейік, жер аумағын бөлу ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдіктеріне өтініш беру арқылы, қордағы жерлер бар жерлерде жүзеге асырылады.

Ауданда ауыл шаруашылығы жерлерін тиімсіз пайдалану фактілері де анықталған екен. Айталық, былтыр тек ауыл шаруашылығы мақсатындағы 12,2 мың га жер қайта бөлінді. Мұндай жер пайдаланушылар бойынша «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Қостанай облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-не өтініштер жолданып, тексерулер жүргізіліп, 20 еселенген салық салу шаралары қолданылыпты.

«Қайтарылған жерлерді қайта бөлу де маңызды міндет. Аудан әкімдігі бұл жерлерді конкурс арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне уақытша пайдалануға береді. Сонымен қатар жайылым тапшылығы бар елді мекендерге жер бөлу және кейбір аумақтарды резервке қалдыру жұмыстары да қатар жүргізілуде», – деді Қамысты аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.

Қамысты ауданында жалпы көлемі 382 431,7 га жер қоры бар. Оның 29 977 гектары – егістік, 1 349,5 га – шабындық, 324 173,7 га – жайылым. Негізінен бұл жерлер өңірдің оңтүстік бөлігінде орналасқан.

Жалпы алғанда, ауданда игерілмеген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және оларды тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстар оң нәтижесін беруде. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасып, ауыл шаруашылығы жерлерін барынша тиімді пайдалану басты назарда болмақ.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Дина НҰҒМАНОВА

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Арқалықта қоныстойы тойланды

18 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. (далее…)

8 минут назад

Карасуский профтех провёл День открытых дверей для дошколят

В рамах соцпартнёрства педагоги знакомят детей со взрослым миром профессий уже с дошкольного возраста. (далее…)

5 часов назад

Паводковая ситуация в Сарыкольском районе стабильная

Аким района проверил объекты противопаводковой инфраструктуры в селах Севастополь, Тагильское, Крыловка и поселке Сарыколь. (далее…)

5 часов назад

46 мендыкаринских ребят проходят срочную воинскую службу в рядах Вооруженных силах РК

С началом призывной кампании 17 марта, еще четверо мендыкаринцев пополнили ряды защитников Отечества. (далее…)

7 часов назад

Гордость райцентра Карасу – необычный детский сад, который носит статус креативного

Надежда Карасу - это его дети. Они ценят свой край, их здесь учили любви к…

24 часа назад

This website uses cookies.