Биыл оған 26 млн бөлінген.
Қамысты ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында елді мекендердің келбетін жақсарту, қоғамдық орындарды абаттандыру және жасыл желектер санын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соңғы жылдары ауданда 12 заманауи балалар ойын алаңы орнатылып, биыл көгалдандыру жұмыстарына 26 миллион теңге қарастырылған.
Аудан орталығында тұрғындарға қолайлы қоғамдық орта қалыптастыру мақсатында орталық алаңды абаттандыру жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар мемлекеттілікті, тарихи сабақтастық пен халық бірлігін бейнелейтін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» атты жаңа монумент орнатылды. Жобаның жалпы құны 20 миллион теңгені құрады.
Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және бұқаралық спортты дамыту үшін де жағдай жасалуда. 2023–2026 жылдар аралығында ауданның сегіз ауылдық елді мекенінде жалпы құны 100 миллион теңге болатын 12 заманауи балалар ойын алаңы салынған. Оның біреуі биыл іске асырылды.
Айта кетерлігі, 12 ойын алаңының 10-ы демеушілер мен тартылған қаражат есебінен жүзеге асқан. Бұл жергілікті кәсіпкерлер мен белсенді азаматтардың ауылдарды дамытуға қосқан үлесін көрсетеді. Мұндай бастамалар бюджетке қосымша салмақ салмай-ақ, тұрғындар үшін жаңа қоғамдық кеңістіктер қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ауданда көгалдандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінуде. 2026 жылы осы мақсаттарға 26 миллион теңге бөлінді. Оның 15 миллион теңгесі жергілікті бюджеттен қарастырылса, 11 миллион теңгесі тартылған қаражат есебінен қамтамасыз етілген.
Бөлінген қаражатқа аудан орталығында 20 мың гүл отырғызылды. Бұған қоса бұрын егілген жасыл желектерді күтіп-баптау және суару жұмыстары жүргізілуде. Ал демеушілер мен тартылған қаражат есебінен қалған сегіз ауылда 7,5 мың гүл және барлық ауылдық елді мекендерде 1850 көшет отырғызылды.
Қамысты ауданында қолға алынған бұл жұмыстар елді мекендердің санитариялық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың демалысына қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Алдағы уақытта да абаттандыру, көгалдандыру және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жұмыстары жалғасын таппақ.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Сурет газет архивінен алынды
В отделе пробации Костанайского района в Тобыле говорили о темах, которые порой непросто обсуждать даже…
Қарасу аудандық ауруханасының педиатры Айсұлу Яковлева кішкентай пациенттердің қамқоршысына айналған жан. (далее…)
Жангелдин ауданына қарасты Ақкөл ауылында жабайы аңдардың елді мекенге жиі келуі тұрғындардың қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық…
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Жангелдин ауданына жаңа тұрғын үйлердің айналасын абаттандыруды тапсырды. (далее…)
С 20 по 22 ноября в городе Рудном состоялся Кубок Костанайской области по футзалу. (далее…)
Аграрии сообщают о потерях урожая, а представители охотничьих обществ считают, что к регулированию численности животных…
This website uses cookies.