Қамыстыда бала жүрегіне жол тапқан тәрбиеші

Қарлығаш Тасмұхамедқызы 20 жылдан артық еңбек етіп келеді.

Тәрбиеші – бала бағбаны, бүлдіршіндерге бағыт-бағдар, тәлім-тәрбие беретін отбасынан кейінгі екінші анасы. Оның қолында әр кезде сол кілт тұру керек» – деп қазақ ақыны Мұхтар Шаханов айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бүлдіршіндердің бойындағы дарынын ашу – тәрбиешінің міндеті. Қамысты ауылындағы «Айналайын» бөбекжай-балабақшасының педагог-сарапшысы Қарлығаш Тасмұхамбетова – дәл осы міндетті жүрегіне серік еткен жан. Бала жанының нәзік әлемін түсінуге ұмтылып, олардың танымы кеңеюіне, жаңа дағды қалыптастыруына үлес қосып жүрген тәжірибелі маман.
Қарлығаш Тасмұхамбетова «Айналайын» бөбекжай-бақшасында жиырма жылдан бері еңбек етіп келеді. Мемлекеттік топта тәрбиеші болып жұмыс істейтін ол өз ісінің жауапкершілігін терең сезінеді.
1977 жылы 25 ақпанда Қамысты ауданының Орқаш ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Қостанайдағы академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша жоғары білім алды. Кейін 2019 жылы Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығын қоса игерді. 2006 жылы балабақшадағы педагогикалық еңбек жолын бастаған сәтте мемлекеттік тілде білім беретін «Гүлдер» тобы ашылып, қазақ тілінің балабақшадағы орнын күшейтуге үлес қосты.
«Мемлекеттік тілде білім беру – бұл тек тіл үйрету емес, ол баланың ұлттық болмысын, мәдениетін, дүниетанымын қалыптастырудың негізі. Балабақша – тұлғаның алғашқы әлеуметтік ортасы болғандықтан, дәл осы кезеңде қазақ тілінде еркін ойлап, сөйлей алатын орта қалыптастыру аса маңызды. Бұл болашақта саналы, елжанды ұрпақ тәрбиелеудің басты тетігі деп есептеймін», – дейді Қарлығаш Тасмұхамбетова.
«Айналайын» бөбекжай-бақшасында жұмыс істеу Қарлығаш Тасмұхамедқызына үлкен тәжірибе жинақтаумен қатар, айрықша кәсіби жауапкершілік жүктейді. Ол әрбір баланың жеке ерекшелігін ескеріп, оның дамуына жағдай жасауды өз жұмысының басты міндеті деп санайды. Сонымен бірге ата-анамен тұрақты байланыс орнатып, тәрбие мен білім беруді үйлестіру – тәрбиеші жұмысының маңызды әрі жауапты бөлігі екенін айтады.
«Менің басты ұстанымым – әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, оның қабілетін ашуға мүмкіндік беру. Балаларға тек білім беріп қана қоймай, мейірімділікке, жауапкершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу маңызды. Тәрбие мен білім әрдайым қатар жүруі керек деп есептеймін. Балалардың тілге деген қызығушылығын арттыру үшін ойын технологияларын, ән, тақпақ, ертегі, сахналық қойылымдарды кеңінен қолданамын. Күнделікті қарым-қатынасты қазақ тілінде жүргізіп, балаға тілдік ортада еркін сезінуге жағдай жасаймын. Ең бастысы – тілді үйретуді қызықты әрі табиғи процесс ету», – дейді ол.
Нағыз еңбек адамы – өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары, үнемі ізденісте жүретін тұлға. Ол тек өз пайдасын ғана емес, қоғамға тигізер пайдасын да ойлайды. Еңбекқорлық, табандылық және адамгершілік қасиеттер – нағыз маманның басты белгілері.
Тәрбиеші күнделікті жұмысында әр баланың қабілеті мен мінезіне қарай жеке тәсіл қолдануды басты қағида еткен.
«Әр баланың мінезі әртүрлі. Олардың көңіл күйіне бейімделу, эмоциясын түсіну – бұл жұмыстың күрделі тұсы. Ал, ең қуаныштысы – баланың жетістігін көру, оның алғаш рет жаңа нәрсені үйренгендегі қуанышы. Балалардың шынайы күлкісі мен сенімі – мен үшін ең үлкен мотивация», – дейді тәжірибелі маман.
Қарлығаш Тасмұхамбетова еңбекқорлықты, адамгершілікті, жауапкершілікті кәсіби маманның негізгі белгісі деп санайды.
«Мені осы мамандыққа балаларға деген сүйіспеншілік пен олардың дамуына үлес қосуға деген ниет жетеледі. Ұстаз болу – тек мамандық емес, ол үлкен миссия деп білемін. Әр баланың болашағына ықпал ету мүмкіндігі мені шабыттандырады.  Жас мамандарға ең алдымен сабырлы болуды, өз ісін сүюді және үнемі ізденісте болуды кеңес берер едім. Балалармен жұмыс – үлкен жүректі талап етеді. Сондықтан әр баланы түсініп, қолдап, сенім арта білу өте маңызды. Өз біліміңізді үнемі жетілдіріп отырсаңыз, кәсіби жетістікке жетесіз» – деп Қарлығаш апай жас мамандарға ақыл-кеңесімен бөлісті.
Ұжым арасында сыйлы, қызметкерлердің құрметіне бөленген жан. Өскелең ұрпаққа сапалы білім, тәлімді тәрбие беру ісіндегі зор жетістігі үшін аудандық білім беру бөлімінің грамотасымен марапатталған.
Қарлығаш Тасмұхамедқызы – отбасында да бақытты жан. Өмірлік жолдасы Болат екеуі үш бала тәрбиелеп отыр. Үлкен ұлы Дулат келіншегі Гүлжанмен бірге Рудный қаласында тұрады. Қызы Ляззат – Рудный музыкалық колледжінің студенті. Ал кенже ұлы Мадияр мектепалды даярлық тобына барады.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттер кейіпкердің өзінен алынды
Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Житель Карасуского района привлечен к уголовной ответственности за дропперство

Завершено расследование по факту участия в преступной схеме по выводу денежных средств, полученных незаконным путём.…

5 часов назад

В Костанае состоялось заседание Цифрового штаба области

В рамках повестки был рассмотрен вопрос реализации Стратегии построения «умных городов» в Костанайской области. (далее…)

23 часа назад

Аулиекольские сельхозпроизводители сверили часы на агросовещании

Обсудить насущные вопросы они собрались традиционно в канун посевной кампании. (далее…)

24 часа назад

Арқалықта қоныстойы тойланды

18 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. (далее…)

1 день назад

This website uses cookies.