Бидай орнына, майлы дақылдар алқабы кеңейтіледі.
Қамысты ауданында биылғы астық егу жұмыстары 327,4 мың гектар алқапта жүргізілуі жоспарлануда. Бұл туралы ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі хабарлады.
Қамысты аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін екі есеге ұлғайту және егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру жөніндегі Жол картасының индикативтік көрсеткіштеріне сәйкес осы жылы бидай егіс алқаптарын 20 мың гектарға қысқарту көзделген. Оның орнына майлы дақылдардың егіс алқабы кеңейтіліп, мал азықтық дақылдарға арналған жоспарлы көрсеткіштер белгіленді.
Алқап көлемін ұлғайту үшін минералды тыңайтқыштарды қолдану да назардан тыс қалған жоқ. 2026 жылға арналған жоспар бойынша 27,6 мың тонна тыңайтқыш сатып алынуы тиіс. Мемлекет тарапынан енгізілген аванстық субсидиялау тетігі шаруаларға үлкен қолдау болуда. Аталған механизм бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тыңайтқыш құнының тек 40 пайызын төлейді, ал қалған бөлігі мемлекет тарапынан субсидияланады.
Биылғы көктемгі егіс науқанына жалпы көлемі 34,8 мың тонна тұқым дайындалған. Тұқымның барлығы зертханалық тексерістен өтіп, өнгіштігі жоғары деп танылды. Мамандардың айтуынша, барлық тұқым партиясы кондициялық талаптарға толық сәйкес келеді.
«Көктемгі дала жұмыстарына жұмылдырылатын техника паркі де сақадай сай. Аудан бойынша 648 трактор, 161 егіс кешені және 1181 сепкіш егіс алқаптарына шығарылады. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 98 пайыз деңгейінде. Шаруашылықтар қажеттi жөндеу жұмыстарын аяқтап, жанар-жағармаймен қамтамасыз етілген», – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары.
Аудандағы аграрлық құрылымдар егіс науқанын ауа райы қолайлы мерзімде бастап, белгіленген жоспарды уақытылы орындауды көздеп отыр.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Надежда Карасу - это его дети. Они ценят свой край, их здесь учили любви к…
Көктем мезгілінің жақындауына байланысты су тасқыны қаупі жыл сайын өзекті мәселелердің бірі болып табылады. (далее…)
Такого тира как в Карасу нет в целом по области. Местные юные стрелки легко соревнуются…
За грабли, метлы, лопаты взялись сотни сотрудников организаций и неравнодушные сельчане. (далее…)
«Таза чат-бот» платформасы бойынша бірде-бір хабарлама түспеген. (далее…)
За потенциальными работниками работодатели отправились на ярмарку вакансий. (далее…)
This website uses cookies.