Қамыстыда мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және мал шаруашылығының әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.

Облыста мал шаруашылығын дамыту аясында 10 ауыл шаруашылығы құрылымы сүтті және етті бағыттағы 5 150 бас ірі қара мал сатып алуға келісімшарт жасасқан. Олардың қатарында Қамысты ауданының да шаруашылығы бар.

Мал шаруашылығын дамыту жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында бүгінгі таңда 10 нысаналы көрсеткіштің үшеуіне қол жеткізілді. Атап айтқанда, шаруашылықтардың барлық санаттары бойынша ірі қара және ұсақ мал басының өсуі қамтамасыз етілді. Қалған көрсеткіштер бойынша жұмыстар жалғасуда.

Аудан әкімі атап өткендей, белгіленген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қосымша шаралар қабылдайды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта шаруашылық «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 150 млн теңге көлемінде жеңілдетілген қаржыландыру алу үшін қажетті құжаттар пакетін әзірлеуде. Бұл қаражатты тарту шаруашылықтың өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтуге және мал шаруашылығын дамытуға бағытталған.

Облыста ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында «Игілік», «Береке» және «Жайлау» бағдарламалары бойынша жеңілдетілген несие беру тетіктері қарастырылған. Аталған қолдау шаралары асыл тұқымды мал сатып алуға, мал шаруашылығы нысандарын дамытуға және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суретті түсірген – Бағдат АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1