Қамыстыда қоқыс шығаратын жеке кешен іске қосылды

 Қамысты ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және көму жүйесі жаңартылып жатыр.

«Тазалық-2015» жеке кәсіпкері 50 млн теңгеге жуық инвестиция салып, қоқыс полигоны мен көң қоймасын қамтитын кешен құру жобасын жүзеге асыруда.

Нысандар үшін 10 гектар жер учаскесі бөлінген. Жоба аясында бес арнайы техника жұмылдырылып, жеті жаңа жұмыс орны ашылған.

Полигон мамыр айынан бастап қалдықтарды уақытша сақтау режимінде жұмыс істей бастаған. Қазір жоба келесі кезеңге өтіп, қатты тұрмыстық қалдықтарды орталықтандырылған жинау мен тасымалдау ұйымдастырылған.

Жобаның басты ерекшелігі — оның жергілікті бюджетке салмақ салмай, жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылуы.

Сонымен қатар, 17 шілдеде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму қызметтеріне арналған жаңа тарифтер бекітілген.

Әлеуметтік қолдау шаралары да қарастырылған. Инвестор халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын отбасыларға шамамен 50 контейнерді тегін берген. Қалған тұрғындар үшін контейнерлердің бағасы 7 мың теңге болған.

Жоба ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға, қалдықтарды басқару жүйесін реттеуге және қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға бағытталған.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суретті түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1