Профилактикалық жұмыстар мен рейдтер саны артты.
Қамысты өңірінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өткен жылы аудан аумағында 16 техногендік төтенше жағдай, яғни өрт оқиғасы тіркелген. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар орын алмаған. Өкінішке қарай, тілсіз жаудың салдарынан бір адам қаза тапқан.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы профилактикалық бақылау мен қадағалау шаралары өткен жылмен салыстырғанда едәуір күшейтілген.
Департамент мәліметіне сәйкес, 2025 жылы 17 нысанға тексеру жүргізілсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 11 нысанды құраған. Осылайша тексерулер саны 54 пайызға артқан.
– Тексеру барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 270 дерегі анықталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 77 пайызға көп. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша 49 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 28 адамға ескерту жасалып, 6 тұлғаға 235 920 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар 9 материал сотқа жолданып, жалпы 3 342 200 теңге көлемінде айыппұл өндірілді, – делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хабарламасында.
Өрт қауіпті кезеңде тұрғындар мен аграрлық сектор қызметкерлері арасында түсіндіру және алдын алу жұмыстары да белсенді жүргізілген. Жалпы 42 нұсқама өткізіліп, жүзден астам адам қамтылған.
Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында орманды-дала аймағындағы өрт қауіпсіздігіне қатысты 187 материал жарияланған. Мобильді топтар 145 рейд ұйымдастырып, нәтижесінде 14 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның 12-сіне ескерту беріліп, екі адамға 68 810 теңге көлемінде айыппұл салынған.
Биылғы жылдың алғашқы төрт айында аудан аумағында екі техногендік өрт тіркелген. Табиғи төтенше жағдайлар мен адам шығыны болмаған.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау аясында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған төрт нысан толық тексеруден өткен. Нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың 75 дерегі анықталған.
Әкімшілік жауапкершілікке тоғыз адам тартылып, оның сегізіне ескерту жасалды. Бір тұлғаға 32 437 теңге көлемінде айыппұл салынған. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігі бойынша бір материал сотқа жолданған.
Биыл өрт қауіпті кезеңде халық пен ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлері арасында 15 нұсқама өткізіліп, елуден астам адам қамтылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында өрт қауіпсіздігіне қатысты 49 материал жарияланып, мобильді топтар 28 рейд жүргізген. Нәтижесінде алты адамға ескерту берілген.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, аудан аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт қауіпсіздігін сақтау бағытындағы түсіндіру, бақылау және профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
– Табиғи өрттердің туындау қаупін төмендету мақсатында азаматтардан өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз. Жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастамау, орман және дала алқаптарында от жақпау, табиғат аясынан кейін шыны ыдыстарды өзіңізбен бірге алып жүру қажет. Себебі күн сәулесі әйнек арқылы өтіп, құрғақ шөптің тұтанып кетуіне себеп болуы мүмкін, – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсынды
Объект возводит ТОО "Карген-Сервис 2006", стоимость строительно-монтажных работ составляет 441 579 123 тенге. Стройка началась…
Управление строительства Костанайской области определило проектировщика для возведения спортивного зала в Джангельдинском районе. (далее…)
В преддверии купального сезона в регионе ведется большая профилактическая работа. (далее…)
Объект в карасуском селении введут в эксплуатацию в рамках ведомственной программы Министерства по чрезвычайным ситуациям…
Такое требование поставили перед подрядчиком местные власти. (далее…)
Пеш қалауды кәсіпке айналдырған Бейбіт Молдашұлы. (далее…)
This website uses cookies.