Қамыстыда Сыр елінен қоныс аударған еңбек адамы ауылды көркейтуге кірісті

Қызылордадан қоныс аударған Алтынбек Оңдасынұлы аудан орталығында тұрғындарға арналған демалыс орнын салып, бірқатар әлеуметтік нысандардың жаңаруына атсалысып жүр

Қамыстыда оңтүстік өңірден қоныс аударған еңбек адамының бастамасымен тұрғындарға арналған жаңа демалыс орны бой көтерді. Қызылорда облысынан Қостанай облысына еңбек күші тапшылығы бағдарламасы аясында көшіп келген Алтынбек Оңдасынұлы бүгінде Қамысты ауданының көркеюіне өз еңбегімен үлес қосып келеді.

Жаңа демалыс орны ауыл тұрғындары үшін жайлы әрі заманауи кеңістікке айналған. Мұнда ұлттық нақыштағы киіз үй, жеміс бағы, балалар ойын алаңы және саябақтың басты көркіне айналған домбыра мүсіні орналасқан.

Домбыра мүсіні Ұлттық домбыра күніне орай арнайы орнатылған. Алтынбек Оңдасынұлының айтуынша, ұлттық құндылықтарды насихаттау – кейінгі ұрпаққа өнеге қалдырудың бір жолы.

   «Бұл Қамысты еліне 1999-2000 жылдары Сыр елінен күріш тасып, Қостанайдан ұн апарып, сауда-саттықпен айналысқан кезден таныспын. Содан бері бұл өңірді өте жақсы білемін. Енді осында жинаған тәжірибем мен еңбегімді ел игілігіне арнап жүрмін», – дейді ол.

Алтынбек Оңдасынұлының бастамасымен атқарылған жұмыстар демалыс орнымен ғана шектелмейді. Сыр елінің азаматтарымен бірлесіп ғибадат үйі толық жөндеуден өткен. Қамыстыда Тәуелсіздік алаңы салынып жатыр. Аудандық ішкі істер бөлімінің ішкі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Ал өткен жылы аудандық ауруханада құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталып, 20 үйдің құрылысы жүргізілген. Бұл – 40 пәтер. Жақын арада жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені де пайдалануға берілмек.

Кәсіпке ұқыпты әрі құрылыс пен абаттандыруға жауапкершілікпен қарайтын Алтынбекке аудан басшылығы бірқатар жұмысты сеніп тапсырып келеді.

  «Осы ауданда қандай жұмыс болса да, “сенбілікпен, ұқыптылықпен жасайсың” деп маған сеніп тапсырады. Мұның бәрін мақтаныш емес, елге жасаған қызметім деп санаймын», – дейді еңбек адамы.

Ендігі жоспар да ауқымды. Тұрғындардың ұсынысын ескере отырып, жақын уақытта Қамыстыда жаздық футбол және волейбол алаңдарын салу көзделіп отыр. Бұл нысандардың әсіресе жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік бермек.

Алтынбек Оңдасынұлының Қамыстыға қосқан үлесі тек абаттандырумен өлшенбейді. Ол мемлекеттік бағдарлама арқылы өзінің туған інісін бес баласымен бірге ауданға көшіріп әкелген. Сонымен қатар Әбілтаевтар отбасын үш баласымен Қамыстыға қоныстандыруға себепші болған. Қазір олардың үш баласы жергілікті қазақ мектебінде білім алып жатыр.

Енді Алтынбек Оңдасынұлы өз отбасын да Қамыстыға көшіріп әкелуді жоспарлап отыр.

«Туған жерге туыңды тік» деген қағиданы өміріне арқау еткен еңбек адамы үшін ел игілігіне жасалған әр іс – ең үлкен марапат.

   «Туған жерге деген сүйіспеншілігім мен елге жасаған еңбегім лайықты бағаланып, туған өлкеміздің одан әрі гүлденуіне кішкене болса да үлесімді қоса берсем – мен үшін ең үлкен мәртебе әрі қуаныш осы», – дейді Алтынбек Оңдасынұлы.

Қамыстыда бір адамның бастамасынан басталған бұл жұмыстар бүгінде ауыл тұрғындарының игілігіне қызмет ететін нақты іске айналып отыр.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Сурет кейіпкерден алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

За чистотой в Камыстинском районе следят бойцы молодежного трудового отряда «Жасыл ел»

В Камыстинском районе успешно реализуется программа «Жасыл ел», которая стала неотъемлемой частью летней жизни района…

45 минут назад

Қамысты ауданында ветеринариялық қауіпсіздікке 273 млн теңге бағытталды

Қамысты ауданында малдың қауіпсіздігі мен санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыс басталды. 2026 жылы республикалық…

3 часа назад

«В кругу семьи»: во время слета участники разбили лагерь, прошли квест, спортивные старты, викторины и игры

Двухдневный туристический выезд прошел на базе отдыха в Костанайском районе, передает "Наш Костанай" (далее…)

5 часов назад

На ремонт пожарной части в Аркалыке планируют потратить почти 75 млн тенге

В здании специализированной пожарной части №4 проведут текущий ремонт (далее…)

6 часов назад

В ЦИК огласили предварительные итоги выборов

На избирательные участки по всей стране явились 9 351 539 человек. Предварительная явка составила 74,08…

8 часов назад

This website uses cookies.