Қамыстыда тұрғын үй құрылысы қарқын алды

48 пәтерлік екі тұрғын үйді пайдалануға беріледі.

Соңғы үш жылда Қамысты ауданы бойынша 8 мыңға жуық шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Қазір аудан бойынша 221 адам баспанаға мұқтаж тіркеуінде тұр.
Аймақтағы тұрғын үй құрылысының дамуы мен елді мекендердің сәулеттік келбеті тақырыбына арналған облыс әкімдігінің отырысында Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.
«2023 жылы – 1 431 м2, 2024 жылы – 2 303 м2, 2025 жылы – 4 158 м2 баспана пайдалануға берілді. Тек биылғы жылдың бірінші тоқсанында 2,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, нақты көлем индексі 104,8% құрады. Көрсеткіштерге қол жеткізу жеке тұрғын үй және коммуналдық екі пәтерлі тұрғын үйлер салу есебінен қамтамасыз етілді – жеке қаражат есебінен Қамысты ауылында – 1 155,3 м2, Алтынсарин ауылында – 949,7 м2», – деді аудан әкімі.
Ал биыл ауданда жалпы ауданы 2,2 мың шаршы метрден асатын 48 пәтерлік екі тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Осылайша жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға берудің жалпы көлемі шамамен 4,2 мың шаршы метрді құрап, жоспар артығымен орындалады деп күтіліп отыр. Жылдың алғашқы тоқсанында орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 576 млн теңгені құраған.
Ерлан Әлімбайұлы тұрғын үйлерді салу кезінде бюджет қаражаты есебінен де, жеке инвестициялар есебінен де жергілікті атқарушы органдар демеушілік қаражатты тарта отырып, іргелес аумақтарды абаттандыру мәселесін қосымша ұйымдастырып жатқанын атап өтті. Мысалы, өткен жылы Гагарин көшесінде коммуналдық тұрғын үйлердің құрылысы кезінде жаңа заманауи балалар алаңы жабдықталды.
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында елді мекендер ерекшеліктерін ескере отырып, олардың сәулеттік келбетін қалыптастыру және абаттандыру бойынша да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Көппәтерлі тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбеті және тек қасбеттердің жай-күйін ғана емес, сонымен қатар аумақтарды жалпы абаттандыруды да қамтиды. Қараусыз қалған және ескірген үйлерді бұзу, қоршауларды орнату және оларды бірыңғай эстетикалық түрге келтіру, сондай-ақ үй маңындағы аумақтарды күтіп ұстау жұмыстары ерекше бақылаумен жүргізіледі.
«Соңғы үш жылда аудан әкімдігі облыстың және жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қолдауымен 241 млн теңге сомасына 176 ескірген және апатты ғимараттарды бұзды, оның ішінде 71 млн теңге – облыстық бюджет есебінен және 170 млн теңгесі – тартылған жеке инвестициялар есебінен. Бұдан басқа, жалпы ұзындығы 26 км болатын жаңа қоршаулар алты ауылдық елді мекенде орнатылды. Аталған іс-шараларды жүзеге асыруға 134 млн теңге жұмсалды, оның ішінде облыстық бюджет қаражаты – 28 млн теңге, тартылған қаражат – 106 млн теңге», – деді Е.Жаулыбаев.
Жұмыстар алты ауылдық елді мекенде: Ақтөбе облысымен шекаралас Жайылма ауылында және «Қостанай-Қарабұтақ» (KAZ-19) республикалық автомобиль жолының бойындағы Адай мен Бестөбе ауылдарында жүргізілген. Сондай-ақ аудан орталығында орналасқан халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне тиесілі тұрғын үйлердің қоршаулары мен қасбеттерін сырлау жұмыстары жүргізілді.
«Халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасын іске асыруға шақыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар соңғы үш жыл ішінде жазғы және қысқы кезеңдерде үй маңындағы аумақтарды абаттандыру бойынша тұрақты түрде конкурстар өткізуде. Биыл осы үрдіске сай «Үздік аула – Үздік үй» конкурсы тағы да жарияланды, ол 1 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында өтеді, ақшалай ынталандыруы да қарастырылған», – деді аудан басшысы.
Жиында аймақ әкімі Құмар Ақсақалов Қамысты ауданы басшысының жұмысына оң баға беріп, жұмысты осы қарқынмен жалғастыра беруді тапсырды.
Жалпы, Қостанай облысында соңғы 3 жылда шамамен 1,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. 14,7 мыңнан астам отбасы баспаналы болыпты. Тек былтыр 517,4 мың шаршы метр тұрғын үй салынса, оның 63,7 мың шаршы метрі ауылдық жерлерге тиесілі.
«Үш жыл ішінде облыста 56 тұрғын үй қалпына келтірілді, оның ішінде 30-ы көпқабатты үйлер. Мысалы, Рудный қаласында – 11 үй, Арқалықта – 3 үй, Денисов және Қамысты аудандарында 2 үйден қалпына келтірілді», – деді Құмар Ақсақалов.
Облыс басшысы сондай-ақ биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарының орындалуы 50%-дан асқан Денисов, Қостанай және Қамысты аудандарын ерекше атап өтті.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Праздник мужества и чести: в Аулиекольском районе отметили День защитника Отечества

В районном Доме культуры состоялось торжественное мероприятие, посвященное Дню защитника Отечества Республики Казахстан. (далее…)

8 часов назад

«Помните!»: ленты Победы раздали студентам и ученикам школ Костанайского района

Ребята с благодарностью отметили, что чтят память своих предков. Об этом пишет "Наш Костанай"  (далее…)

1 день назад

За три года в Камыстинском районе ввели в эксплуатацию 8 тысяч квадратных метров жилья

Как отмечает аким района Ерлан Жаулыбаев достижение показателей обеспечено за счет строительства индивидуального жилья и…

1 день назад

This website uses cookies.