Қамыстыдағы бірегей орталық

Зейнеткерлер бос уақытын осында өткізеді

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қамысты ауданындағы «Ардагерлер үйіне» барып, қариялармен жүздесті.
Аймақ басшысы орталықтың жұмысымен танысып, зейнет жасына шыққан жандардың бос уақытын қалай өткізетінін сұрады. Кездесу барысында ол қарияларға «Сіздерге тағы не жетіспейді?» деген сауал қойды.
Зейнеткерлер өз ұсыныстарын айтып, орталықта жаттығуға арналған тренажерлар болса деген тілектерін жеткізді. Олардың айтуынша, мұндай мүмкіндік денсаулықты нығайтып, бос уақытты белсенді өткізуге жағдай жасар еді.
Құмар Ақсақалов ардагерлердің ұсынысын қолдап, осындай орталықтардың аға буын үшін маңызы зор екенін атап өтті.
«Үлкен кісілердің өздерін жайлы сезініп, қоғамдық өмірден шет қалмауы – біз үшін өте маңызды. Бос уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізуіне барлық жағдай жасалуы керек», – деді облыс әкімі.
Қазір «Ардагерлер үйіне» 23 адам тұрақты түрде келіп, мұнда түрлі шараларға қатысады. Орталықта шахмат, тоғызқұмалақ ойнауға, скандинавша жүріспен айналысуға және демалуға мүмкіндік бар.
Айта кетейік, әзірге мұндай орталық Қостанай облысында тек Қамысты ауданында жұмыс істейді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1