Жайылма ауылында биылғы қыс тұрғындар үшін ерекше қуанышпен басталды.
Ауыл ортасына орнатылған басты шырша мен балаларға арналған жаңа сырғанақ ауыл келбетіне мерекелік сән беріп, әсіресе балалардың шаттығын еселей түсті.
Жаңа сырғанақ балалардың сүйікті ойын орнына айналды. Күн сайын ауыл балалары осында жиналып, бір-бірімен жарыса сырғанап, қысқы демалысты көңілді өткізуде. Балалардың шат күлкісі мен қуанышы ауыл тұрғындарына да мерекелік көңіл-күй сыйлап отыр.
Ал ауыл ортасына орнатылған жарқыраған шамдары бар басты шырша кешкі уақытта Жайылмаға ерекше көрік беруде. Балалар шырша айналасында ән айтып, ойын ойнап, суретке түсіп, жаңа жыл мерекесін асыға күтуде.
Айта кету керек, балалар сырғанағын жасауға қажетті құрылыс материалдары мектеп әкімшілігі тарапынан жеке қаражат есебінен алынды. Бұл – туған ауылға, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға деген шынайы жанашырлықтың айқын көрінісі. Сонымен қатар мектеп ұжымы мен жергілікті белсенділердің қолдауымен ауылда жаңа жылдық шыршалар да орнатылды.
Бұл бастамалардың басында Жайылма негізгі мектебінің директоры Нұрлан Өтегенов тұр. Ол ауылдың дамуына, мектептің сақталуына және балаларға қолайлы орта қалыптастыруға ерекше мән беріп келеді. Оның жетекшілігімен ауылда соңғы жылдары бірқатар әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып, спорт алаңдары салынды, үйірмелерге қажетті құрал-жабдықтар алынды.
Жайылма ауылындағы басты шырша мен балалар сырғанағы – тек ойын-сауық нысаны ғана емес, бұл ауыл тұрғындарының бірлігі мен белсенділігінің, балаларға деген қамқорлығының белгісі. Осындай игі істер ауыл өміріне серпін беріп, тұрғындардың ортақ жауапкершілікпен әрекет ете алатынын көрсетеді.
Шұға Қоңқабай,
Суреттерді Жайылма негізгі мектебінің ұстазы Шимбат Ақбасов ұсынды
Қамысты ауданында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды. (далее…)
Узункольское районное управление государственных доходов уже второй месяц работает в режиме нон - стоп, потому…
Сегодня в Аулиеколе состоялось одно из самых теплых и долгожданных событий этой зимы - вручение…
За преданность делу и в честь 20-летия НАО «Правительство для граждан» руководитель Камыстинского районного филиала была…
Еще совсем недавно станция Аманкарагай, несмотря на свое стратегическое значение, находилась в условиях, которые трудно…
Ежегодно в первый четверг февраля отмечается Всемирный день выборов. (далее…)
This website uses cookies.