Қамысты ауданында жалпыұлттық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және ауылдық елді мекендерді абаттандыру мақсатында «Үздік аула» байқауы ұйымдастырылды.
Аталған байқау Қамысты ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі тарапынан жүзеге асырылып, әлеуметтік қызмет көрсетуші ретінде «Neco» экологиялық клубы» қоғамдық қоры тартылды. Жобаның негізгі мақсаты – тұрғындарды өз аулалары мен үй іргесіндегі аумақтарды таза ұстауға, көгалдандыру мен абаттандыру ісіне белсенді араласуға ынталандыру болды.
Байқау барысында қатысушылардың аулаларының тазалығы, көгалдандыру деңгейі, гүлзарлар мен сәндік элементтердің безендірілуі, сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және экологиялық мәдениетке мән беру деңгейі бағаланды.
Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар төмендегідей анықталды. Байқау үздіктерінің ішінен Наталья Анацкаяның ауласы комиссия шешімімен басым дауысқа ие болып, жеңімпаз атанды. Екінші орынды (150 мың теңге қаржылай сертификаты) Татьяна Картавина иемденсе, ал ІІІ орын (100 мың теңге қаржылай сертификаты) Наталья Саловаға бұйырды.
Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен марапаттар табыс етіліп, қатысушыларға аудан басшылығы атынан алғыс білдірілді.
– «Үздік аула» байқауы тұрғындарды туған жердің көркі мен тазалығына жауапкершілікпен қарауға, өз еңбегі арқылы айналаны абаттандыруға ынталандырады. Мұндай бастамалар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады, – дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің өкілдері.
Аталған жоба «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының жалғасы ретінде жүзеге асырылып, аудан тұрғындарының белсенді қатысуымен өтті. Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, келешекте осындай игі істердің тұрақты түрде жалғасуына сенім білдірді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)
Подозреваемого уже задержали, об этом сообщает "Тоболинфо" (далее…)
Как лучше понимать своего ребенка, поддерживать его в период взросления и выстраивать отношения, основанные на…
Обеспечение надежной охраны государственной границы и укрепление пограничной безопасности всегда остаются в числе ключевых приоритетов…
В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…
Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…
This website uses cookies.