Қамыстыда жол және инфрақұрылым нысандары жаңартылуда

 Қамысты ауданында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды.

9 млрд теңге көлеміндегі қаражатқа ұзындығы 85 шақырым болатын А-22 республикалық маңыздағы автомобиль жолының учаскесінде жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов өткен жылды қорытындылаған есеп беру жиынында айтты.
2025 жылы аудан аумағында облыстық маңызы бар «Жітіқара – Қамысты – Ливанов» және «Адаевка – Орқаш – Аралкөл» бағыттары бойынша жалпы ұзындығы 40 шақырымды құрайтын жолдарға 76 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Сонымен қатар, «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында және өзге де бағдарламалар бойынша автомобиль жолдарын жөндеуге 1,5 млрд теңге бөлініп, жалпы 43,1 шақырым жол жаңартылды. Оның ішінде аудандық маңызы бар жолдар – 35 шақырым, ал 3 ауылдағы 13 көшеде кентішілік жолдардың 8,1 шақырымы жөнделді.
Қамысты және Алтынсарин ауылдарында шамамен 100 млн теңгеге ұзындығы 4 шақырымды құрайтын жаңа тротуарлар салынды. Сондай-ақ ескірген және апатты жағдайдағы 144 ғимарат сүріліп, бұл жұмыстарға 111 млн теңге жұмсалды.
2025 жылы Қамысты ауылында құны 150 млн теңге болатын заманауи қоғамдық демалыс аймағы бар «Атамекен» жаңа саябағы пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, ауылдың орталық алаңында 4 габион орнатылды.
Балаларға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында тартылған қаражат есебінен жалпы сомасы 50 млн теңгеге 6 балалар ойын алаңы орнатылды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 2