Аграрлық несие корпорациясы былтыр көктемде «Кең дала», «Кең дала-2» бағдарламасын іске қосты.
Бұл бағдарламаның игілігін Қостанай облысының фермерлері көріп отыр. Мәселен, 7 мың гектарға арпа, бидай сұлы егетін «Өмір – 2005» ЖШС аталмыш бағдарлама арқылы 5%-пен несие алып, шаруасын ойдағыдай атқарған.
Шаруашылық басшысы Жанат Орқашбаевтың айтуынша, «Кең дала» бағдарламасы ауыл еңбеккерлері үшін үлкен мүмкіндікке айналған.
– Бұл бағдарлама ең алдымен тиімділігімен ерекшеленеді. Жылдық мөлшерлемесі небәрі 5 пайыз. Ең бастысы, қаражатты желтоқсан немесе қараша айында алып, көктемге дейін дайындалуға болады. Біздің шаруашылық 2025 жылы осы бағдарлама аясында 120 миллион теңге несие алды. Қаражат екі кезеңмен бөлінді – бірінші транш қарашада, екіншісі наурыз-сәуірде түсті. Яғни, біз ерте қамданып, барлық шығындарды алдын ала жоспарлап алдық. Егер мұндай бағдарламалар болмаса қиналып қаламыз, – дейді шаруашылық жетекшісі.
Жанат Орқашбаевтың айтуынша, қаражаттың дер кезінде берілуі көптеген маңызды мәселелерді шешуге сеп болды. Атап айтқанда, дизель отыны уақтылы алынды, қоймаға қажетті қосалқы бөлшектер жеткізілді, тыңайтқыштар мен гербицидтер сатып алынды, жұмысшылардың еңбекақысы төленді, элиталық тұқымдар алдын ала дайындалды.
– Биыл көктемде мемлекеттік қолдау шараларының арқасында еш алаңсыз дала жұмыстарына кірістік. Біз үшін ең бастысы, уақыт жоғалтпау. Сол жағынан бұл бағдарлама өте ыңғайлы болды. Тіпті бас қатыратын дүние қалмайды. Бәрі дайын, тек егіс жұмыстарын ұйымдастырып, іске кірісесің, – дейді ол.
«Өмір-2005» серіктестігі бүгінгі таңда толықтай техникалық жабдықталған. Қарамағымда 35 адам жұмыс істейді. Шаруашылық иелігінде 7 комбайн, 5 егін егу кешені, 2 дәнсепкіш бар. Бұл техника көлемі егіс алқаптарын толық әрі уақтылы игеруге жеткілікті.
Шаруашылықта негізінен бидай, арпа, сұлы және жасымық өсіріледі. Биылғы егіс науқаны тұрақты нәтиже көрсетіп, шаруалар жиналған өнімге қанағат білдіруде.
– Биыл күзде жақсы өнім алдық. Орташа өңімділік гектарына 14 центнер. Қазір нақты көрсеткіштерді есептеп жатырмыз. Жалпы, бағдарламаның тиімділігі сөзсіз. Осындай қолдау арқылы шаруашылықтың жұмысы жүйелі жүреді. Біз сияқты жұмыс істегісі келген адамдар үшін үлкен көмек. Ал қаржыны басқа бағытқа бұрып, тиімді пайдаланбау, жауапкершіліктің жоқтығы, – дейді Жанат Орқашбаев.
Айта кетейік, жақында облыс әкімі Құмар Ақсақалов шаруашылыққа арнайы келіп, егіс алқаптарындағы жұмыс барысымен танысып, жақсы нәтиже көрсеткен ұжымға ризашылығын білдірді.
– Ауылда отырып, шаруашылықты басқару, үлкен еңбек. Онлайн отырмай, күнделікті далада жүріп, жұмыс барысымен араласып, нақты нәтижемен жұмыс істегенді ұнатамын. Осындай бағдарламалар біз сияқты шаруаларға сенім береді. Егер алдағы уақытта да осы секілді қаржыландыру жалғасса, міндетті түрде қатысамыз. Өйткені аталған жобалар өнім көлемін ұлғайтуға, сапаны арттыруға тікелей ықпал етеді. Шынымен де үлкен көмек. Тек еңбектену керек. Осындай мүмкіндіктерді пайдалана алатын адам ғана алға жылжиды. Ал қаржыны орынсыз бағытқа, қымбат көлік алуға, жеке тұтынуға жұмсау, ол тек жалқаулардың тірлігі. Біз нағыз өндіріс адамымыз. Біз үшін ең бастысы – шаруашылықтың дамуы мен беделі. Бар күшті соған саламыз, – деп атап өтті шаруашылық жетекшісі.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
Этот торжественный день аграрии с нетерпением ждут весь год, чтобы подвести итоги сельскохозяйственного года и…
Қамысты командасы сәтті өнер көрсетті (далее…)
Пенсионерка Нина Чопова просто решила однажды - пора воплощать идеи в реальность. (далее…)
В ТОО «Кайсар-Агро» знают: если что-то сломалось, если требуется совет, помощь или просто надежное плечо…
Ел мерейін көтерді (далее…)
Село Троебратское Узункольского района, что на границе с Северо-Казахстанской областью, считается окраиной. (далее…)
This website uses cookies.